Ықтасын, ықтырма – малды қатты желден, қарлы бораннан қорғап тұратын құрылыс. Ол ағаш бұталары, саман, тастан, тағы басқа жергілікті құрылыс материалдарынан биіктігі 3–6 метрдей болып жасалады. Ықтасын көбінесе қой және жылқы малдары үшін жасалып, кеңдігі мал басына байланысты әр түрлі болып келеді. Ықтасындардың табиғи түрлері де бар. Оларға әр түрлі көлемдегі үңгірлер, тау шатқалы, сайлы ойпаңдар, орманды алқап, тағы басқа жатады.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 9 т.
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |