Қарақол – Есіл алабындағы өзен.
Қарақол | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 92 км |
Су алабы | 1620 км² |
Бастауы | Сарыадыр тауларының солтүстігіндегі бұлақтар. |
Сағасы | Есіл өзенінің Бұзылық ауылы тұсы.. |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Ақмола облысы Есіл, Жарқайың аудандары. |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Географиялық орны
Ақмола облысы Есіл, Жарқайың аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 92 км, су жиналатын алабы 1620 км².
Бастауы
Бастауын Сарыадыр тауларының солтүстігіндегі бұлақтардан алып, Бұзылық ауылының тұсында Есіл өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Төменгі арнасы кең, ағысы баяу, жайылмасы 50-100 м-ге дейін жетеді, суы тұщы (тұздылығы 0,8-1 г/л). Салалары - Бөріктал, Біртал. Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Суы шаруашылықтарға пайдаланылады. Жазда тартылып қарасуларға бөлініп қалады.
Дереккөздер
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. (Т.З.),