Қар — атмосферадан түсетін әр түрлі пішінді ұлпа мұз кристалдары түріндегі жауын-шашын. Су буының сублимациясы нәтижесінде өте шағын (0,1 — 0,2 мм) криссталдар үлкейіп қар жұлдызшаларына айналады. Атмосферадағы турбуленттік қозғалыстың салдарынан ауадағы қардың жеке жұлдызшалары бір-бірімен ұйыса бірігеді, яғни жерге жапалақ қар (диам. 8 -10 мм) жауады. Ауа температурасы 0°С-тан төмендегенде бұлттардан жауады. Қоңыржай ендіктерден бастап солтүстіктің және оңтүстіктің жоғары ендіктеріне қарай жайласқан аймақтарда қардың көп түсуінен Жердің қар жамылғысы пайда болады. Қазақстан аймағында қар, қазан-қараша айларынан бастап (қиыр оңтүстігіндегі жазық өңірлерін қоспағанда) түседі; Қар жамылғысының қалыңдығы солтүстік облыстарда 25-30 см, оңтүстігіндегі жазық жерлерінде 10 см-дей; Жетісу (Жоңғар) Алатауында және Алтайдың батыс беткейінде 60 см-ге жетеді. Өскемен, Петропавл, Қостанай қалаларының төңірегінде қар 150-165 күндей (республикадағы ең ұзақ мерзім), Қызылорда, Шымкент атыраптарында 49-61 күндей (ең қысқа мерзімі) жатады.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODVMemxsTDBRbFF6TWxRa056YzJWc1pHOXlabDlJYjJabllYSjBaVzVmTWpBd09TNXFjR2N2TWpJd2NIZ3RSQ1ZETXlWQ1EzTnpaV3hrYjNKbVgwaHZabWRoY25SbGJsOHlNREE1TG1wd1p3PT0uanBn.jpg)
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWpMMk15TDFOdWIzZG1iR0ZyWlhOWGFXeHpiMjVDWlc1MGJHVjVMbXB3Wnk4eU16VndlQzFUYm05M1pteGhhMlZ6VjJsc2MyOXVRbVZ1ZEd4bGVTNXFjR2M9LmpwZw==.jpg)
Сілтемелер
- Қазақстан Энциклопедиясы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер