Қасым хандығы (тат. Касыйм ханлыгы, Qasím xanlığı, قاسم خانليغى) – Мәскеу патшасының бодандығында болған мемлекеттік бірлестік.
Қасым хандығы тат. Касыйм ханлыгы Qasıym xanlığı قاسم خانليغى Тәуелді мемлекет | ||||
| ||||
---|---|---|---|---|
Астанасы | ||||
Халқы | татарлар | |||
Басқару формасы | сайланбалы монархия | |||
Хан | ||||
- 1452—1469 (алғашқы) | Қасым хан | |||
- 1679—1681 (соңғы) | Фатима Сұлтан | |||
Тарихы | ||||
- 1452 | құрылуы | |||
- 1681 | таратылуы | |||
Тарихы
Алтын Орда ханы ұлдарының бірі Қасымға қызметі үшін оған ұлы князь Иван ІІІ 1452 ж. шамасында өз атымен аталатын қала салуға рұқсат берді. Қасым өз иелігінде мешіт пен тас қамал тұрғызды. 1469 жылы Қасым қайтыс болғаннан кейін, иелігі ұлы Даниярға (1469-86) өтгі. 1486-1512 жылдар аралығында Қасым хандығын Гирей әулетінен шыққан, Мәскеу билеушілеріне қызметке тұрған Нүр-Дәулет пен оның ұлдары Сатылған мен Жанай басқарды. 1512-16 жылдары хандықты Алтын Орданың екінші бір ханы болған немересі Шейх-Аллиар, 1616— 67 жылы оның кәмелетке толмаған ұлы (Шах-Әли, орыс құжаттарында ) билік құрды. Мәскеу билеушілері оны бірнеше рет Қазан хандығы тағына отырғызды. Ол Қазанда билік жүргізген уақытта Қасым хандығын інісі Жан-Әли басқарды. Шейх-Әлидің ұлы болған жоқ, сондықтан таққа Алтын Орданың соңғы ханы Ахмедтің шөбересі Саин-Болат отырды (1567-73 ж.). 1573 жылы ол шоқынып, деген атпен Мәскеуге келіп Иван Грозныйдан «Бүкіл Ресей патшасы» деген атақ алды. Қасым хандығына уақытша ешкім бекітілмей, тағы бір шөбересі келді. ол қайтыс болғаннан кейін таққа қазақ ханзадасы Ораз-Мұхаммед отырды. Ол біршама тәуелсіз саясат жүргізіп, 1605-10 жылы Қасым хандығын жеке мемлекет етуге ұмтылды. Бірақ өлтірілді. Ораз- Мұхаммед өлтірілгеннен кейін биілікке Көшім ханның немересі (1610-27) және оның ұлы Сейт-Бұрхан (1627-78) келді. 1653-55 жылдары шоқынып деген ат алды, бірақ тақтан түскен жоқ. Қасым хандығы халықты күштеп шоқындыра бастады. Жергілікті халық шоқынудан бас тартып, миссионерлерді өлтірді. Бірақ соңғы ханның тұсынан бастап бүкіл билік орыс воеводаларының қолына көше бастады. Василий (Сейіт-Бұрхан) хан өлгеннен кейін Қасым хандығын 1681 жылға дейін ханның шешесі басқарды. Осыдан кейін хандық жойылып, воеводаға айнылдырылды, Қазан, губернияларына қарайтын уезге айналды. Хандықтың орталығы - Қасым қаласы болды. Ол үлкен гас қорғанмен қоршалды. Қалада Қасым сарайы, мешіт (1700 жылы дейін сақталған), 2 кесене (мазар) болған. Оның біріншісін Шах-Әли, екіншісін 1616 жылы Арслан патша салдырған. сарайы 19 ғасырға дейін сақталды. Қасым хандығы құрамындағы халық орыс деректерінде қасым татарлары деп жазылған. 19 ғасырда орыс тарихшылары олардың өздерін қазақпыз деп атағанын айтады. Олар Қасым хандығы халкының өздерін қазақ деп те атауы этникалық ұғым емес, әскери тап, яғни қазақ атауынан шыққан деп түсіндіреді. Олардың кұрамында басты 4 тайпа (арғын, қыпшақ, жалайыр, маңғыт) болған. Қалған ру-тайпалар қағазға түспеген. Жалпы Қасым хандығы әскерлері Ресейдің ішкі соғыстарына және сырткы жорықтарына (Польшаға, Швецияға, , т.б.) белсене араласып отырған.
Дереккөздер
- А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер