Қотыртас – Сарыарқаның орталық бөлігіндегі тау.
Қотыртас | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | |
Пайда болған кезеңі | |
Ұзындығы | 30 км |
Ені | 7-8 км |
Ең биік шыңы |
|
Биіктігі | 1071 м |
Орналасуы | |
49°02′47″ с. е. 73°54′02″ ш. б. / 49.04639° с. е. 73.90056° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°02′47″ с. е. 73°54′02″ ш. б. / 49.04639° с. е. 73.90056° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер |
|
| |
|
Географиялық орны
Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде, Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстікке қарай 20 км жерде орналасқан. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Алабұға және Талды өзендері аралығында 30 км-ге созылып жатыр, енді жері 7-8 км. Абсолюттік биіктігі 1071 м (Қазығұрт тауы).
Жер бедері
Сай, жыра, шатқалдармен тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс беткейлерінде қорымтастың мол үйінділері кездеседі.
Геологиялық құрылымы
Тас көмір жүйесінің гранитоид жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі
Шала дамыған қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, боз, қараған, т.б. бұталар өседі.
Дереккөздер
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. (Т.З.),