Қызыл кендір (лат. Apocynum venetum subsp. lancifolium) – кендірлер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік.
| ||||||||||||||||||||
Apocynum venetum L. | ||||||||||||||||||||
|
Биологиялық сипаттамасы
Биіктігі 120 см, сабағы тік, түксіз, қызыл қоңыр. Бұтақтары қарама-қарсы орналасқан. Жапырағы таспа тәрізді, ұзындығы 2-6 см, ені 5-20 мм. Гүлі сабақ, бұтақ басына шоғырланған. Гүл шоғы сыпыртқыға топтанған. Тостағаншасының ұзындығы 2 мм, көк түсті. Күлтесі алқызыл, ұзындығы 6-8 мм. Тұқымы уақ, сопақша, (желайдары) бар.
Өсу аймағы мен таралуы
Қызыл кендір өзен аңғарында, көл жиегінде, сирек те болса сортаң жерде өседі. Орта Азияда, Батыс Сібір мен Шығыс Сібірде, Моңғолияда, Қытайда таралған. Қазақстанда биік тау бөктерінен басқа барлық аймақта кездеседі.
Қолданылуы
Қызыл кендір талшықтары тоқыма өндірісінде қолданылады, жіп, арқан есіледі. Шырынында, жапырақ паренхимасында 2-7% каучук болады.
Дереккөздер
- Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер