Әбу Әли Мансур ибн әл-Азиз би Амри-Лләһ, әл-Хаким би Амри-Лләһ аталып кеткен фатима әулетінің исмаилиттік халифасы. Халифатты 996-1021 жж. аралығында басқарған. Һижра бойынша 386 ж. Рамазан айында таққа отырғанда әл-Хакимның жасы небәрі 11-де болған.
Әл-Хакимның реформалары
Әл-Хаким көп әйел алуға тыйым салып, Ислам дінінде рұқсат болған 4 әйелге дейін үйлену практикасы тек қиын жағдайларда жүзеге асу керек деп шешті.
Сонымен қатар әл-Хаким билікте тұрған исмаилиттік құқық жүйесі мен сүнниттердің құқық жүйесін бір дәрежеде бекітті.
Әл-Хакимнің жүргізген реформалары жақындастарының арасында араздық туғызып, радикалды исмаилиттер сарайды тастап Ливанның тауларына тығылып, үгіт-насихат жүргізе бастады.
Әл-Хакимның жоғалуы
Өмірінің соңғы жылдары әл-Хаким би Амри-Лләһ дүниеден безіп, түн батқанда медитация жасауға шығатын. 1021 жылы 36 жасында әл-Хаким әл-Қаһираның қасындағы әл-Мукаттам төбесіне аттанып, содан қайтып келмеді. Іздеу барысында оның қанға былғанған киімі мен есегі ғана табылды. Оның қайда жоғалғаны әлі күнге шейін құпя қалпында сақтаулы. Друздар әл-Хаким өлген жоқ, ол уағызын жалғастырып, көзқарастарын шәкірті Хамзаға баяндаған деп есептейді. Олардың діни сенімі бойынша әл-Хаким қиямет күні Мәһди болып қайтып келеді.
Дереккөздер
- Полная биография Хакима по Медникову
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер