Әмудария, Әмудәрия – Орталық Азиядағы ең ірі және суы мол өзен. және өзендерінің қосылған жерінен Әмудария (ежелгі атаулары Әму, Оксус, Балх, Жәйхун) деп аталады. Ұзындығы 1415 км (Пяндж өзенінің бастауынан есептегенде 2540 км), алабының ауданы 309 мың км².
Әмудария өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 1415 км |
Су алабының ауданы | 309 мың км² |
Су алабы | Арал теңізі |
Бастауы | Гиндукуш тауының солтүстік беткейі |
• Координаттары | 37°06′21″ с. е. 68°18′22″ ш. б. / 37.10583° с. е. 68.30611° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Арал теңізі |
• Координаттары | 44°06′30″ с. е. 59°40′52″ ш. б. / 44.10833° с. е. 59.68111° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 44°06′30″ с. е. 59°40′52″ ш. б. / 44.10833° с. е. 59.68111° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Ауғанстан Тәжікстан Түрікменстан Өзбекстан |
Бастауы
Әмудария Гиндукуш тауының (Ауғанстан және Пәкістан жеріндегі тау) солтүстік беткейінен бастау алады. Негізгі салалары: , , , , Қызылсу, , , Құндыз, . Жазыққа шыққаннан кейін 1100 км бойы Тұран ойпатының шөлді аймағын басып ағады. Бұл бөлігінде өзенге бір де бір сала қосылмайды. Арал теңізіне құяр жерінде тарамданып (Талдық, , т.б.) кетеді де зор ауқымды атырау (7000 км²) құрайды.
Гидрологиясы
Ағыны таудағы мұз бен қар суынан түзіледі. Өзен көктем мен жазда тасиды және өте лайлы болып келеді. Ең төмен деңгейі қаңтар мен ақпан айларына келеді. Деңгейдің жыл ішіндегі ауытқуы 2 – 3 м-ге дейін барады. Булануға, сіңуге және жер суаруға пайдалануына байланысты Нүкістің тұсына барғанда ағын 40%-ға азаяды. Төменгі ағысында 2 – 2,5 ай қатады. Арнасы жұмсақ тау жыныстарынан құралған. Әмудариядан Қарақұм, , каналдары бастау алады. Төменгі саласында балық шаруашылығы дамыған. қаласы тұсынан бастап кеме жүзе алады. Әмудария бойындағы ірі қалалар: Термез, , Нүкіс. Өзен аңғарындағы Қызылқұм және Әмудария қорықтарында қабан, шиебөрі, қоян, қырғауыл, Бұхара елігі, қарақұйрық, т.б. сирек кездесетін жануарлар мекендейді.
Дереккөздер
- Балалар Энциклопедиясы, II- том
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер