Жазғы Олимпиада ойындары 2004 (гр. Θερινοί Ολυμπιακοί Αγώνες 2004, Therinoí Olympiakoí Agó̱nes 2004), ресми атауы XXVIII Олимпиаданың ойындары, 2004 жылдың 13—29 тамыз күндері аралығында Грекияның елордасы Афина қаласында өткен жетекші халықаралық мульти-спорттық шара. Грекия Олимпиада ойындарының отаны болғандықтан, ұранның Welcome Home (Үйге қош келдің немесе үйге қош келдіңіздер) нұсқасы таңдалды. Ойындарға 201 елден келген 10,625 спортшы және 5,501 ресми өкіл қатысты. 28 спорт түрінен 301 жүлде жинағы ойнатылды. 2004 жылдың Олимпиадасына Ұлттық Олимпиада комитеттері бар барлық елдер қатысты, бұл Олимпиада ойындарының тарихындағы екінші рет болған жағдай, бұрын 1996 жылғы Олимпиада ойындарына ғана ХОК-қа мүшелік ететін елдер түгелдей қатысқан.
2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары | |
![]() 300px | |
Ұйымдастырушы қала | |
---|---|
Қатысушы елдер | 201 |
Атлеттер саны | 10625 |
Медальдар саны | 301 |
Ашылу салтанаты | |
Жабылу салтанаты | |
Стадион | |
Қазақстан нәтижесі
Афины рингінде қазақ боксшысы жамбылдық Бақтияр Артаев өз салмақ дәрежесінде (69 кг) чемпион атануымен қатар, олимпиялық турнирдің ең үздік былғары қолғап шеберіне тағайындалған бас жүлдені жеңіп алды. Еркін күрестің шебері күміс медалі төбемізді көкке жеткізбегенімен мерейімізді біраз биікке көтеріп тастады. 60 килограмдық салмақ дәрежесінде рингке көтерілген қарағандылық . Серік бұл жолы республиканың құрама командасына қола медаль әкелді. Грек-рим күресінен Георгий Цурцумия финалдық белдесуде ресейлік Бароевтан ұтылды. Ал Әлемнің екі дүркін чемпионы Мкхитар Манүкян жартылай финалда түрік Ероғылға 4:0 есебімен тізе бүгіп қола медаль алды. 77 килограмга дейінгі салмақ дәрежесіндегі өте күшті ауыр атлет, штанганы екі қолмен жүлқи көтерудегі Әлемнің рекордшысы (оның 173 киллограмға тең әлемдік рекорды әлі күнге дейін жаңарған жоқ) үштөбелік Сергей Филимонов құрама команда жаттықтырушыларының тәжірибесіздігінен күміс медаль алып қалды.
Жалпы есепте 1 алтын, төрт күміс, үші қола алып, 40-шы орын алды.
Медальдар
Афина 2004 | |||||
---|---|---|---|---|---|
№ | Ел | Алтын | Күміс | Қола | Барлығы |
1 | АҚШ | 36 | 39 | 26 | 101 |
2 | Қытай | 32 | 17 | 14 | 63 |
3 | Ресей | 28 | 26 | 36 | 90 |
4 | Аустралия | 17 | 16 | 17 | 50 |
5 | Жапония | 16 | 9 | 12 | 37 |
6 | Германия | 13 | 16 | 20 | 49 |
7 | Франция | 11 | 9 | 13 | 33 |
8 | Италия | 10 | 11 | 11 | 32 |
9 | Корея | 9 | 12 | 9 | 30 |
10 | Ұлыбритания | 9 | 9 | 12 | 30 |
Н
Дереккөздер
- Standard pronunciation is
- Athens 2004. International Olympic Committee. olympic.org. Басты дереккөзінен мұрағатталған 17 қаңтар 2013. Тексерілді, 19 қаңтар 2008.
- Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь".
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер