Мамырқұс (лат. Actitis hypoleucos) – татреңтәрізділер отрядының балшықшылар тобына жататын құс. Оның қошқыл түзу тұмсығы, сұрғылт аяқтары өзге балшықшылардан қысқауылы. Құйрығы қара түсті. Жерде жүргенде құйрығын селтеңдетіп, басын төмен салып, ізет білдіргендей болып жүреді, сондықтан мамырқұс тобына жататын құстарды ізетшіл құстар деп атайды. Мамырқұстың дене тұрқы шағын, салмағы 40–50 г. Суқоймалар жағалауында, ылғалды-батпақты жерлерде кездеседі. Мамырқұс – жыл құсы. Көктемде мамыр айының алғашқы жартысында ұшып келетіндіктен, құстың аты мамырқұс аталған. Қоразы өзен жағалауына жақын жерден таяз шұңқыр қазады, оған мекиені жұмыртқалайды (сепкілді 4 жұмыртқа салады). Жұмыртқаны қоразы мен мекиені кезектесіп шайқап, 21–22 күнде балапан басып шығарады. Оңтүстік Қазақстан аймағында мамырқұстарды қазанның басында да кездестіруге болады. Негізгі – суда және құрлықта тіршілік ететін жәндіктер мен солардың дернәсілдері. Мамырқұс суда жақсы жүзіп, сүңги алады.
Мамырқұс | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
(IUCN3.1) | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Actitis hypoleucos (Linnaeus, 1758) | ||||||||||||||||
Tringa hypoleucos Linnaeus, 1758 |
Дереккөздер
- (BLI) (2008). Actitis hypoleucos. In: 2008. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on 20 мамыр 2009.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VI том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — орнитология бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |