Мәрмәр шүрегей (лат. Marmaronetta angustirostris) — қазтәрізділерге жататын өзен үйрегі.
Мәрмәр шүрегей | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
(IUCN3.1) | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Marmaronetta angustirostris (, 1832) |
Салмағы 400—600 г, қоразы мен мекиенінің реңі бірдей. Мәрмәр шүрегейлер кейде ағаш бұтағына қонақтайды. Жерге, кейде су жағалауындағы ағаш куысына немесе бұтақтарға ұя салады. Әдетте 7— 9 (кейде 12) жүмыртқа салады, ал балапандары 25—27 күнде қанаттанады. Тіршілігі толық зерттелмеген, қорегі суда және құрлыкта өсетін өсімдіктер. Мәрмәр шүрегей — жыл құсы. Негізгі қыстайтын жерлері Солтүстік Африка, Оңтүстік Азия аймағы. Бұрын 1930— 60 жылы Сырдария бойында жиі ұшырасқан. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген (1996).
Статусы
1-ші санат. Жойылып бара жатқан түр, КСРО Қызыл кітабына (1984 ж.) тіркелген. Қазақстанда 1963 жылдан 1999 жылға дейін кездеспеген. 2000-2003 жылдары бұл түрдің бірнеше рет кездесуі оның Қазақстанның оңтүстік облыстарының жеке суқоймаларында ұялауының қайтадан қалпына келгендігін айтуға негіз болады .
Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы
, Қазақстанда таралу аймағының солтүстік-шығыс шекарасы өтеді.
Таралуы
Таралу аймағы тар шөлді аймақтан шықпайтын . Жерорта, Каспий және Қара теңіздерге құятын өзендерде қыстайды. Қазақстанда XX ғасырдың бірінші жартысында ұялауы Сырдария мен Жайық өзендерінің алаптарында , екінші жартысында тек бір рет қана есепке алынған . Ұзақ үзілістен соң – 2000 жылы (жалғыз) және 2003 жылы (жұп) Оңтүстік Қазақстанда Қызылкөл көлінде табылған . Оның бұл жерде пайда болуы мәрмәр шүрегейдің өзбекстандық популяциясының санының артуына және оның солтүстікке қарай қоныс аударуына байланысты болып табылады .
Мекендейтін жерлері
Түбі лай және қалың қамыс өскен тұщы және аздап кермек сулы суқоймалары; ұясын жағаға не аралдарға салады, қопақтарға жоламайды . Қазақстанда тұщы, жиі жағалауларында бұталар және суүсті өсімдіктері өскен көлемі үлкен емес жағалауы тіктеу көлдерде мекендейді .
Саны
Қазақстанда белгісіз. Әлемде қазіргі саны 15 мыңдай деп бағаланады . Қазақстанмен көршілес Өзбекстан территориясында қазір 100-200 бас мәрмәр шүрегей мекендейді .
Негізгі әсер ететін факторлар
Түрдің саны негізгі таралу аймағында (Пәкістан, Иран, Түркия және теңізі елдері) гидрорежимнің тұрақтылығына тәуелді . Саны өскенде шүрегейлердің бір бөлігі солтүстікке қарай ығысып, Қазақстанның оңтүстік және батыс облыстарына енеді. Саны депрессияға ұшырағанда бұл керісінше жүреді.
Биологиялық ерекшеліктері
Аз зерттелген. Сәуірдің ортасында ұшып келеді, ұялауға басқа өзен үйректерінен кеш түседі. Өзбекстан жағдайында ұяда 7-9 (сирек 12) жұмыртқа болады, мамық басқан балапандарын мамырдың аяғы – маусымның басында кездестіруге болады, қанаттарына маусымның аяғы – шілденің басында қонады, ұяда бұл кезде 5-7 балапан болады. Қыстауға ұшар алдында, басқа үйректер сияқты, біршама, бірнеше жүздеген құс, жиналады .
Қолда өсіру
Европаның хайуанаттар парктері мен құс питомниктерде көбейеді, Қазақстанда өсірілмейді.
Қабылданған қорғау шаралары.
Аулауға тиым салынған.
Қажетті қорғау шаралары
Дайындалмаған. Кездейсоқ атып алудың алдын алу үшін түрді қорғау жайында үгіт жүргізу.
Зерттеу жөніндегі ұсыныстар
Таралу аймағы шегінде таралуы жайында деректер жинау. Қазақстанда бұрында ұялаған жерлерін тексеру.
Дереккөздер
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
- Книстаутас, 2001;
- Дементьев, 1952;
- Долгушин, 1960;
- Шевченко и др., 1993.,
- Гаврилов, Колбинцев,
- [6,7] Крейцберг-Мухина, 2003;
- Кашкаров, 2007.
- Крейцберг-Мухина, 2003;
- Delany, Scott, 2002.
- Cramp & Simmons, 1977.