Авро Вулкан (ағыл. Avro Vulcan) - британдық стратегиялық бомбылаушы ұшағы. "V-сериялы" ұшақтардың екіншісі. Ең алғашқы ұшуы 1952 жылы 30 тамызда болды. Барлығы, 2 прототипті қоса алғанда, 136 ұшақ жасалды. қатарында 1954-1984 жылдары тұрды. Қазіргі күнде бір ұшақ (сериялық нөмірі XH558) ұшу қалпында сақталған.
Vulcan | |
![]() Avro Vulcan (XH558) ұшуда | |
Түрі |
|
---|---|
Өндірушісі |
|
Мемлекеті | |
Алғашқы ұшуы | |
Қолданысқа енгізілуі | 20 маусым, 1954 жыл |
Қолданыстан шығуы | наурыз, 1984 жыл |
Статусы | Қолданыстан шыққан |
Негізгі эксплуатанттары |
|
Өндірілген бірліктері | 136 (2 прототиппен қоса) |
Базалық моделі | Avro Type 698 |
![]() |
Жасалуы
Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО-ға қарсы ядролық қаруды қолдану үшін стратегиялық бомбылаушы ұшақтардың қажеттігін түсінген 1948 жылы жаңа ұшаққа талаптар қойды. Осы талаптар нәтижесінеде бірінші прототип - Avro Type 698 (№VX770) жасалды. Қиын талаптар нәтижесінде өмірге келген ұшақта алғашында артқы горизонтальды қанаттар алынып тасталса, кейіннен бағдарлы қанаттар орнына дельталы қанаттар қойылды. Ұшақ қанаттарының соңына төрт BE.10 (кейіннен Olimpus) қозғалтқышы орнатылды. Алайда алғашқы ұшақ қозғалтқыштан ерте дайын болғандықтан оған тарту күші 28,91 кН Rolls-Royce R.A.3 қозғалтқыштары қойылды. Ол ең алғаш 1952 жылы 30 тамызда Вудфордта әуеге көтерілді. 1953 жылы қозғалтқышты тарту күші 33,4 кН ASSa. 6 Sapphire-ге ауыстырды. Екінші прототипке Olympus Mk 100 қозғалтқышы орнатылды (тарту күші 43,4 кН). Сонымен қатар оның фюзеляжы 41 см-ге ұзарды, бомбалық көздеуішке фюзеляжасты блистері орнатылды және экипаж мүшелері саны 5-ке дейін өсті.
1955 жылы Vulcan B.Mk 1 ұшақтарындағы Olympus Mk 100 қозғалтқыштары тарту күші 48,9 кН Olympus Mk 101 қозғалтқыштарына алмастырылды. Ал кейіннен қойылған Mk 104 қозғалтқышында тарту күші 59,6 кН болды. Артық қуаттың әсерінен пайда болған вибрациядан құтылу мақсатында 6-сериялы Mk 1 ұшақтарына жаңа "Фаза 2" қанаттары қойылды.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODVMemxtTDBGMmNtOWZOams0WDFaMWJHTmhibDlDTGpKZldFZzFNelJmTWpNd1gwOURWVjlEVDB4VVh6RTRNRGszTVY5bFpHbDBaV1F0TWk1cWNHY3ZNakl3Y0hndFFYWnliMTgyT1RoZlZuVnNZMkZ1WDBJdU1sOVlTRFV6TkY4eU16QmZUME5WWDBOUFRGUmZNVGd3T1RjeFgyVmthWFJsWkMweUxtcHdadz09LmpwZw==.jpg)
Қарулануға берілу
Ең алғашқы Vulcan ұшақтары қатарына 1956 жылы 20 маусымда берілді (№230 ұшқыштарды қайта даярлау орталығы, ). Алғашқы 5 экипаж 1957 жылы 21 мамырда құрылған 83-эскадрилия қатарына қосылды. 1959 жылы 30 сәуірде соңғы 45-ші B.Mk 1 берілді. Mk 104 қозғалтқышы орнатылған бұл ұшақтар кейіннен B.Mk 1A деген атауға ие болды. Бұл машиналарда ауада жанармай құю қондырғысы мен радиоэлектронды күрес (РЭК) аппараттары болды. 1957 жылы №101 эскадрилья құрамындағы Cannberra ұшақтары Vulcan Mk 1-ге алмастырылды. 1958 жылы №617 эскадрилья Mk 1, ал 1960 жылы қыркүйектен бастап Mk 1A ұшақтарына алмастырылды. 1961 жылдың 1 тамызынан бастап №50 эскадрилья бұрын 617-эскадрилья құрамында болған Vulcan Mk 1/1A ұшақтарын алды.
2-ші модификация (Mk 2)
1957 жылы екінші прототипті жақсарту жұмыстары басталды. Ұшаққа жаңа Olympus Mk 200 (тарту күші 71,2 кН) қозғалтқыштары, күшейтілген "фаза 4" қанаттары қойылды, әрі оол тек бомбаларды ғана емес, Blue Steel ракеталарын қолдана алатын болды. Алғашқы 7 ұшақ жаңа ұшқыштар даярлау мақсатында қолданылыды. 1960 жылы Vulcan-ға тарту күші 75,6 кН Olympus Mk 201 қозғалтқыштары орнатыла бастады. Кейіннен сериялы ұшақтар Mk 301 (тарту күші 88,9 кН) қозғалтқышымен жабдықталды. Алғашқы Mk 2 ұшақтары 1960 жылы желтоқсанда 83-ші эскадрильяға берілді. 1961 жылы 1 сәуірде №27 эскадрилья алып жүре алатын Vulcan Mk 2 ұшақтарын алды. 1962 жылы №9 эскадрилья ресми түрде Vulcan ұшақтарына қайта қаруланды.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODNMemRoTDBGMmNtOWZWblZzWTJGdVgyTnliM0J3WldReExtcHdaeTh5TWpCd2VDMUJkbkp2WDFaMWJHTmhibDlqY205d2NHVmtNUzVxY0djPS5qcGc=.jpg)
Басқа мақсаттардағы түрлері
1973 жылы британдық ядролық күштердің қысқаруына байланысты 27-ші эскадрилья ұшақтары теңіздік радиолокациялық барлау құрылымына егізілді, ал оның ұшақтары B.Mk 2 MRR деңгейіне дейін жаңартылып, оларға Loran C навигациялық жүйелері және фотокамералар орнатылды. Алайда кейіерек ұшақтардың бір бөлігін Victor SR Mk 2 ұшақтарына алмастырды. 1982 жылы жанармай құюшы Victor ұшақтарының көбі Фарер аралындағы әскери қимылдарға тартылуына байланыста Ұлыбританияның өз аймағында жанармай құюшы ұшақтар жетіспеушілігі пайда болды. Осы жағдайдан шығу үшін ӘӘК қатарындағы бірнеше ұшақ танкерге қайта жабдықталып, атауын K.Mk 2 деп өзгертті.
Қаруланудан шығарылу
1984 жылы Vulcan ұшақтары ескіруіне байланысты ӘӘК қатарынан шығарыла бастады. Ұшақтардың көбісі Сент-Этенде жойылды, ал кейбірі өрт сөндірушілер мен ұшақ жөндеушілерді дайындауда қолданылды. Көптеген авиашоулардың жұлдызы болып табылған Vulcan ұшақтарының бір нұсқасы (XL426) Қорғаныс министрлігінің шешімімен ұшу жағдайында сақталып келді. Кейінрек ол XH558 ұшағына алмастырылды. 1992 жылы өзінің ұшу ресурсын тауысқан XH558 мұражайға жіберіледі. Алайда бірнеше авиация пионерелерінің арқасында бұл ұшақ қайта жөндеуден өтіп 2007 жылдың қазанында, 15 жыл өткен соң, қайта ұшты. 2012 жылы мамырда 2 қозғалтқыштың бұзылып, барлық қосалқы бөлшектердің соны жөндеуге кетуіне байланысты ұшақ мұражайға жіберілді.
Қызықты жайттар
- 1965 жылы Avro Vulcan ұшағы туралы "Шарлы найзағай" фильмі түсірілімінде пайдаланылды
- Vulcan ұшақтары 1982 жылы Фолкленд аралдарында Ұлыбритания мен Аргентина болған соғысында () қолданылды. Бұл осы ұшақ қатысқан жалғыз әскери қимыл болды.
Қарулануы
Алғашқы Вулкан ұшақтары қарапайым бөлек түрлі ядролық қару түрлерін қолдана алатын.
Қарапайым қару:
- 454 кг-дық 21 бомба (7 бомбадан құралған 3 топ).
1-ші модификацияның ядролық қарулары:
- 4990 кг-дық еркін құлайтын бомбасы
- 4082 кг-дық еркін құлайтын бомбасы
- 2722 кг-дық бомбасы (1958-1962 жылдары ұшақтарда ғана қолданылды)
- 3175 кг-дық Mk 1 бомбасы (1960-1963 жылдары)
- 3289 кг-дық Mk 2 бомбасы (1962-1966 жылдары)
- 907 кг-дық тактикалық ядролық бомбасы
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWhMMkUzTDBKc2RXVmZVM1JsWld4ZkpUSTROakkyTWpjeU1UQTNNU1V5T1M1cWNHY3ZNakl3Y0hndFFteDFaVjlUZEdWbGJGOGxNamcyTWpZeU56SXhNRGN4SlRJNUxtcHdadz09LmpwZw==.jpg)
2-ші модификацияның ядролық қарулары:
- 3175 кг-дық Mk 1 бомбасы (1960-1963 жылдары)
- 3289 кг-дық Mk 2 бомбасы (1962-1966 жылдары)
- қарсыластың Әуе қорғаныс аймағынан тысқарыда жіберілетін ядролық ракетасы (1962-1970 жылдары)
- 431 кг-дық горизонтальді ұшуда жіберілетін бомбасы (1966-1982 жылдары)
Дереккөздер
- Мировая Авиация журналы, №42 файл, 1-5 парақтар, ISSN 2071-1131 (орысша)
- Мировая Авиация журналы, №1007 файл, 108 парақ, ISSN 2071-1131 (орысша)
- Бомбардировщик "Вулкан" 28 наурыздың 2010 жылы. (ARMS.ru) (орысша)
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер