Қызылжемсаулы қарашақаз (лат. Branta ruficollis) — қазтәрізділер отряды, жататын құс.
Қызылжемсаулы қарашақаз | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||
![]() () | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Branta ruficollis (, 1769) | ||||||||||||||
Rufibrenta ruficollis |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHlMekk0TDBKeVlXNTBZVjl5ZFdacFkyOXNiR2x6WDAxSVRsUXVXazlQTGpJd01UQXVNVEV1TVRRdU1pNXFjR2N2TWpJd2NIZ3RRbkpoYm5SaFgzSjFabWxqYjJ4c2FYTmZUVWhPVkM1YVQwOHVNakF4TUM0eE1TNHhOQzR5TG1wd1p3PT0uanBn.jpg)
Қазақстанның солтүстік және батыс бөлігіндегі көлдерде кездеседі. Жон арқасы мен құрсағы қара, бүйірі мен құйрығының асты ақ түсті. Екі шекесінде үлкен-үлкен жирен дақтары бар, олар айнала көмкерілген. Жемсауы, мойнының екі бүйірі ашық қоңыр, қызыл түсті. Дене тұрқы 55 см, қанатының ұзындығы 37 см, құйрығының ұзындығы 11 см-дей, салм. 1 кг-дай. Қызылжемсаулы қарашақаз — жыл құсы. Көктемде ұшып келіп, тік жартастарға ұя салады. 3 — 6 (кейде 9) жасыл реңді жұмыртқа салады. Жұмыртқаны мекиені басады. Күзде жылы жаққа қайтып, негізінен Каспий теңізінің оңтүстігінде қыстайды.
Шөптесін өсімдіктермен қоректенеді. Сирек кездесетін құс болғандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл.
- Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл.
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
![]() | Бұл — биология бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |