Көкқарға (лат. Coracias garrulus) – көкқарғатәрізділер отрядының бір түрі. Қазақстанның оңтүстігіндегі шөлейт аумақты мекендейді, сондай-ақ Жайық өзенімен оның тармақтарындағы аңғарларда, Ертіс өзені маңында кездеседі. Дене мөлшері кептерден сәл кішірек, қанатының ұзындығы 18 – 20 см, салмағы 180 – 200 г. Көкқарғаны басқа құстардан жабын қанатының жасылдау көгілдір реңі бойынша және өте жылдам ұшатынына байланысты оңай ажыратуға болады. Жерде қолапайсыз жүретіндіктен, көбінесе Көк қарға ағаш бұтағына қонақтайды. Көкқарға әдетте, жұп құрады және ұяны бір жұбынан екінші жұбы едәуір алшақ салады. Көкқарға – жыл құсы. Қазақстандағы орманды-далалы аймақтарға, жалғыз ағаш өскен ашық далаға, шөлейтті жерлерге мамырда ұшып келіп, өзен жарқабақтарынан ін қазып не ағаш қуысына, түрлі құрылыстардың бұғат, саңылауларына ұя салады. Ұядағы ақ реңді 2 – 7 жұмыртқаны аталығы мен аналығы кезектесіп басады. 18 – 19 күнде жұмыртқадан қызылшақа балапан шығады. Балапандары 26 – 28 күнде қанаттанады. Қыркүйекте қыстау үшін жылы жаққа (Африкаға) ұшып кетеді. Көкқарға бұзаубас, шегіртке, , қоңыздармен қоректенеді. Кейде кесірткелерді, бақаларды, тіпті ұсақ кемірушілерді де жейді. Көкқарға әр түрлі зиянды жәндіктерді жеп, пайда да келтіреді.
Көкқарға | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Ересек құс | ||||||||||||||
![]() () | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Coracias garrulus Линней, 1758 |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODRMemhqTDBOdmNtRmphV0Z6WDJkaGNuSjFiSFZ6WDAxSVRsUmZXazlQWHpJd01UQmZNVEZmTVRZeFgxTmxkbWxzYkdWZlNHUkNMbXB3Wnk4eU1qQndlQzFEYjNKaFkybGhjMTluWVhKeWRXeDFjMTlOU0U1VVgxcFBUMTh5TURFd1h6RXhYekUyTVY5VFpYWnBiR3hsWDBoa1FpNXFjR2M9LmpwZw==.jpg)
Дереккөздер
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — орнитология бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |