Шәуқарға, ұзаққарға (лат. Coloeus monedula) — торғайтәрізділер отрядына, қарға тұқымдасына жататын құс. Қазақстанның барлық аймақтарында (тек сусыз жерлерде болмайды) кездеседі. Денесінің ұзындығы 33 см, қанатын жайғанда ұзындығы 65 см, әрбір қанаты — 22 см, құйрығы — 13 см, салмағы 150 — 200 г. Қауырсыны жұмсақ. Арқасы қара, металл сияқты жылтыр, бауыры сұр қара, аяғы қызыл түсті. Негізінен жыл құсы, бірақ арасында қыстап қалатындары да болады. Моногамды құстар. Ұясын ағаштың кеуегіне, жартастың қуысына, құлама жарлардағы індерге және үйлердің шатырына салып, онда топталып тіршілік етеді. Жылына бір рет көгілдір жасыл түсті, теңбіл жұмыртқаларын (3 — 6) сәуір — мамыр айларында салып, 16 тәуліктей басады. Ұясынан тобымен ұшып, қоныс аударып тіршілік етеді. Шауқарға жәндіктермен де, өсімдіктермен де қоректенеді. Ұзаққарға топтанып ұшып жүретін құс. Ауылшаруашылық егістіктеріне зиян келтіретін шегіртке сияқты насекомдармен қоректеніп, оларды құртып отырады. Кейде егістерді жапырып, ауыл шаруашылығына өзі де зиянын тигізеді.
Шауқарға | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Coloeus monedula spermologus | ||||||||||||||
() | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Coloeus monedula Линней, 1758 | ||||||||||||||
Jackdaw range | ||||||||||||||
Corvus monedula Linnaeus, 1758 |
Дереккөздер
- BirdLife International Corvus monedula. Version 2011.1. (2009). Тексерілді, 1 тамыз 2011.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , IX том
- Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — орнитология бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |