Бөдене (лат. Coturnix coturnix) — тауықтәрізділер отряды, қырғауылдар тұқымдастарына жататын құс. Қазақстанда мен биіктігі 3000 метрден жоғары таулардан басқа жерлердің бәрінде ұялайды, бірқатары республикамыздың қиыр оңтүстігінде қыстап та қалады. Дене тұрқы 20 см-дей, салмағы 80 — 150 г шамасында. Ақшыл жолақты кішкене сұр құс. Мекиенінің тамағы ақ, жемсауы мен көкірегі теңбіл болады. Бөдене — жыл құсы, соның ішінде түнде қоныс аударатын жалғыз түр. Бөдене ұялайтын жеріне көктемде ұшып келеді де, қыстау үшін Оңтүстік Азия мен Африкаға ұшып кетеді. Далада, шабындықта, жерді шұңқырлап, құрғақ шөп төсейді де, 7 — 20 шұбар жұмыртқа салады, оны мекиені 15 — 17 күн басады. Бөдене өсімдік тұқымымен және өркенімен, кейде жәндіктермен қоректенеді. Бөдене әуесқой аңшылық мақсатта көп ауланады, сондай-ақ, үйде де ұсталады.
Бөдене | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() (IUCN3.1) | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Coturnix coturnix (Linnaeus, 1758) |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODNMemN4TDBOaGFXeHNaVjlrWlhOZlltd2xRek1sUVRselgwMUlUbFF1YW5Cbkx6SXlNSEI0TFVOaGFXeHNaVjlrWlhOZlltd2xRek1sUVRselgwMUlUbFF1YW5Cbi5qcGc=.jpg)
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Дереккөздер
- BirdLife International (2004). Coturnix coturnix. 2006. . 2006. www.iucnredlist.org. Retrieved on 6 мамыр 2006. Database entry includes justification for why this species is of least concern
- Қазақ Энциклопедиясы
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |