Лашын (лат. Falco peregrinus) – сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақстанда Іле алабының төменгі ағысында, Ертіс – Есіл өзендері алабында, Алакөл, Қызылтұз, Зайсан көлдері маңындағы адырларда, Алтай, Алатау, Тарбағатай тауларының бөктерлерінде кездеседі. Қанаты ұзын, үшкір, үстіңгі беті сұр, астыңғы жағы ақшылдау келген, көлденең қара жолақты. Көзінің астында ұзынша қос қара «мұртшасы» (қауырсыны) болады. Денесінің ұзындығы 40 – 50 см, қанаттары жайылғанда 90 – 110 см. Шәулісі ұябасарынан кішірек. Шәулісінің салм. 500 – 800 г, ал ұябасарыныкі – 540 – 1090 г. Аяқтары қысқа, тырнақтары майысқан, өткір. Сағатына 300 км-ге дейін жылдамдықпен ұшады. Лашын жартас, құздағы қолайлы , өскен ағаш басына ұя салады. Кейде өзге құстардың ұясын да иемденеді. Ұясына 2 – 4 (көбінесе 3) жұмыртқа (секпілді, қызғыш) салады. Оны ұябасары 28 – 32 күндей басады. Балапандар бір жарым айда ұядан ұшады. Негізгі қорегін (торғай, , кептер, шіл, кекілік, үйрек, т.б.) ұшып жүріп аулайды. Лашын Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1996).
Лашын | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||
![]() () | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Falco peregrinus , 1771 | ||||||||||||||
![]() Global range Сары: Breeding summer visitor Жасыл: Breeding resident Көк: Қыстау Көгілдір: Кездейсоқ | ||||||||||||||
17–19 | ||||||||||||||
Falco atriceps |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODVMemt6TDBaaGJHTnZYM0JsY21WbmNtbHVkWE5mVFVoT1ZDNWFUMDh1TWpBeE1DNHhNUzR4TURJdU1TNXFjR2N2TWpJd2NIZ3RSbUZzWTI5ZmNHVnlaV2R5YVc1MWMxOU5TRTVVTGxwUFR5NHlNREV3TGpFeExqRXdNaTR4TG1wd1p3PT0uanBn.jpg)
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODRMemhsTDBaaGJHTnZYM0JsY21WbmNtbHVkWE5mYldGa1pXNXpYMDFJVGxRdVdrOVBMakl3TVRBdU1URXVNVEF5TGpndWFuQm5Mekl5TUhCNExVWmhiR052WDNCbGNtVm5jbWx1ZFhOZmJXRmtaVzV6WDAxSVRsUXVXazlQTGpJd01UQXVNVEV1TVRBeUxqZ3VhbkJuLmpwZw==.jpg)
Лашын жыртқыш құс болғандықтан саятшылыққа көп шығатыны мәлім. Бірақ, оларға алдырмайтын құстың бар екендігі таңғалдырады. Лашын құсқа дуадақ алдырмайды. Себебі, аулайын дегенде дуадақ лашынның көзіне саңғиды екен. Бұндай санғыға ұшыраған лашын ешқашан дуадаққа жоламайды. Мұны болашақ құсбегілерге кішкене ескерту деп қабылдаңыздар!
Дереккөздер
- BirdLife International (2009). Falco peregrinus. In: 2009. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on 2009-11-03.
- Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков.
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл.
- Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл.
- Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь".
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — биология бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |