Google Аудармашы (ағылш. Google Translate) – Google компаниясына тиесілі 90 тілде жұмыс істейтін, әлемдегі ең танымал тегін аударма веб-қызметі. Қызмет онлайн үлгіде жұмыс істейді және интернетке кіру мүмкіндігі бар кез келген қолданушыға қолжетімді. Google аудармашы жүйеге қосылған барлық тілдер арасында жеке сөздер мен сөйлемдерді, мәтіндерді және тұтас веб-парақшаларды аудару мүмкіндігіне ие.
Google Аудармашы | |
URL | |
---|---|
Сайттың түрі | машиналық аударма |
Тіркелу | жоқ |
Тіл(дер)і | |
Иесі | |
Авторы | |
Ашылған уақыты | сәуір 28, 2006 |
Қазіргі статусы | белсенді |
Тарихы
Google аударма жүйесінің негізін қалаушы . Ол Перспективті қорғаныс жобаларын зерттеу агенттігің (DARPA) 2003 жылғы машиналық аударма бойынша жүлдесін жеңіп алған. Бұдан соң Ох Google компаниясының аударма жобаларымен айналысатын бөлім жетекшісі болып тағайындалды. 2005 жылдан бастап Google аудармашының әдіснамасы жасалып, алғашқы тәжірибелер өткізілді. Жүйенің жұмыс істеу механизмі мен негізгі принциптерін Ох өзінің жеке еңбегі ретінде жазып шығарған.
Мүмкіндіктері
Google Аудармашының да басқа машиналық аудармашы құралдар сияқты өзіндік шектеулері бар. Оқырманға шет тілдегі мәтіннің мазмұндық мағынасын түсінуге көмектескенімен, әрдайым нақты аударманы жеткізіп бере алмайды..
Кейбір тілдер бойынша басқа тілдерге қарағанда аударма нәтижесі жақсырақ болып келеді. Мысалы, Google Аудармашы ағылшын тілі мен Еуропа Одағы тілдері арасында сапалы аударма жасайды.
Google Аудармашыны Уикипедия ашық энциклопедиясында қолданылуы
Google аудармашы Ағылшынша Уикипедияның басты бетін португал тіліне автоматты түрде аудара алады. Кейбір Уикипедия бөлімдерінде GoogleTrans құралы қосылған. Бұл құралдың көмегімен сөзді, сөз тіркесін, толықтай мәтінді белгілеп (таңдалған мәтін көлемі 500 таңбадан аспауы тиіс) ⇧ Shift пернесін басқанда Google Аудармашы қосылған кез келген тілге (белгіленген тілге) автоматты аударып береді. Мұндай гаджет әзірге қазақша Уикипедия, ағылшынша Уикипедия, нидерландша Уикипедия, жапонша Уикипедия, индонезше Уикипедия, испанша Уикипедия, хиндише Уикипедия, , бөлімдерінде ғана орнатылған.
Google аудармашы аударма жүйесіне қосылған тілдердің Уикипедия бөлімдеріндегі әрбір бетті бір-біріне автоматты аударуға болады. Мысалы: қытайша, жапонша, корейше, ивритше Уикипедия бөлімдерінің әрбір бетін ағылшын тілінде оқуға болады. Ол үшін үлгісін қолдануға болады.
Аудармашыға қазақ тілінің енуі
2012 —2014 аралығында Wikibilim қоғамдық қоры Google Аудармашыға қазақ тілін қосу бойынша жұмыс атқарды.
2014 жылдың 12 желтоқсанында қазақ тілі Google онлайн аударма жүйесіне қосылды. Сонымен бірге аударма сервисінің қазақша нұқсасы да жарық көрді: https://translate.google.kz.
Мәлімдемеге сәйкес, Google аудармашы пайдаланушылары түзетулер енгізу арқылы аударма сапасын жақсартуға және лингвистикалық сараптама жасауға көмектесе алады.
iOS нұсқасы
2008 жылдың тамызында Google компаниясы iOS операциялық жүйесіне арналған iPhone қолданушыларына HTML5 веб қосымшасын іске қосты. Google Аудармашыға арналған ресми iOS қосымшасы 2011 жылдың 8-ақпанында шығарылды. Ол 15 тілде сөздерді дауыс күйінде (voice input) қабылдай алады. 50-ден астам тілге тәржіме жасай алады. Ал 23 түрлі тілде аударманы дауыстап айтып бере алады.
Android нұсқасы
Google Аудармашы Android операциялық жүйесі үшін тегін жүктеп алуға болатын қосымша (арр) болып табылады. Алғашқы версиясы 2010 жылы қаңтарда іске қосылған және қолданылуы шолғыштағыдай (browser) қарапайым. Android-та өзге тілді қолданушылармен емін-еркін жазысуға мүмкіндік беретін "SMS аударма" опциясы 14 тілде ұсынылған. Сонымен қатар, кейбір тілдерде сөздерді теріп емес, дауыспен енгізуге (voice input) болады.
Қолданыстағы тілдер
Төмендегі тілдердің барлығы бір-біріне аударыла алады. Тізім 2014 жылдың желтоқсанына қарай берілген.
- ағылшынша
- албанша
- арабша
- армянша
- африкаанс
- әзірбайжанша
- баскша
- беларусша
- бенгалша
- болгарша
- мажарша
- вьетнамша
- грекше
- грузинша
- датша
- жапонша
- иврит
- идиш
- ирландша
- исландша
- испанша
- итальянша
- қазақша
- каталанша
- каннада
- корейше
- (Гаити)
- қытайша (дәстүрлі, қарапайым)
- қырғызша
- лаосша
- латынша
- латышша
- литваша
- македонша
- маори
- малайша
- мальташа
- монғолша
- немісше
- голландша
- норвегше
- орысша
- өзбекше
- парсыша
- полякша
- португалша
- румынша
- сербше
- словакша
- словенше
- суахили
- тәжікше
- тайша
- ()
- түрікше
- украинша
- урду
- финша
- французша
- хорватша
- хинди
- чехше
- шведше
- эсперанто
- эстонша
Тесттік түрде
Дереккөздер
- Och, Franz Josef Statistical machine translation live. Blog. Google Inc. (April 28, 2006).
- Turovsky, Barak Found in translation: More accurate, fluent sentences in Google Translate. Google Inc. (November 15, 2016).
- Уикибілім қоры веб-сайты 7 желтоқсанның 2011 жылы.
- Современный «умный» онлайн переводчик 5 ақпанның 2010 жылы.
- Әлемдік аударма жүйесіне қазақ тілі енгізіледі, 23.11.2012. Айқын республикалық қоғамдық-саяси газеті
- Google аудармашы енді қазақ тілінде қолжетімді (қаз.). Қазақпарат (12-12-2014). Тексерілді, 12 желтоқсан 2014.
- Google Translate Adds Kazakh, Tajik, Uzbek Languages (ағыл.). Radio Free Europe, Radio Liverty (12-12-2014). Тексерілді, 12 желтоқсан 2014.
- Wenzhang Zhu, Google Translate blog, ақпан 8, 2011
- Introducing the Google Translate app for iPhone, Wenzhang Zhu, Google Translate blog, ақпан 8, 2011
- Gigaom.com 13 қазан 2011 7 тамыздың 2020 жылы. by By Ryan Kim. Google Translate conversation mode expands to 14 languages]
- Improve Google Translate.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер