III Роберт (ағылш. Robert III; 14 тамыз 1337 — 4 сәуір 1406) — Стюарттар әулетінен шыққан Шотландия королі.
III Роберт ағыл. Robert III | |||
![]() | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
14 тамыз 1390 — 4 сәуір 1406 | |||
Ізашары | Роберт II | ||
Ізбасары | Яков I | ||
Өмірбаяны | |||
Діні | Христиандық | ||
Дүниеге келуі | 14 тамыз 1337 , Шотландия | ||
Қайтыс болуы | 4 сәуір 1406 (68 жас) Ротсей қамалы | ||
Жерленді | Пейсли аббаттығы | ||
Династия | Стюарттар | ||
Әкесі | Роберт II | ||
Анасы | Элизабет Мур | ||
Жұбайы | |||
Балалары | Элизабет, Маргарита, Мария, Дәуіт, Яков I | ||
өңдеу ![]() |
Жас кезі
Роберт ІІІ ресми некеден бұрын туған шотланд королі Роберт II мен Элизабет Мурдың үлкен ұлы, алайда бұл әкесі қайтыс болғаннан кейін оның тағына жетуіне кедергі болмады. Роберт II үлкен ұлы туған кезде оған Джон (Иоанн) деген ат берілді, бірақ 1390 жылы билікке келген кезде Роберт III атауын мен қайғылы тағдырын қайталаудан аулақ болу ырымымен қабылдады.
1368 жылы жас Джон Стюарт графы титулын алды, ол сол уақытта шотландтық тақ мұрагерлеріне берілді. Елдің орталық әкімшілігінің дағдарыс қартайған король Роберт II-нің кезінде, Каррик графы 1384 жылы шотланд парламентінің сот пен әкімшілік саласындағы ерекше өкілеттіктерін алды. Алайда ізбасар, елдегі заңдар мен тәртіпті қалпына келтіруде табысқа жете алмады. 1388 жылы ат тұяғының кездейсоқ соққысы Каррик графын мүгедектікке айналдырды, бұл оны елді басқарудан шеттетуге алып келді.
Ішкі саясат
Әкімшілікті бұзу
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWlMMkk1TDFKdlltVnlkRjlKU1VsZllXNWtYMEZ1Ym1GaVpXeHNZVjlFY25WdGJXOXVaQzVxY0djdk1qQXdjSGd0VW05aVpYSjBYMGxKU1Y5aGJtUmZRVzV1WVdKbGJHeGhYMFJ5ZFcxdGIyNWtMbXB3Wnc9PS5qcGc=.jpg)
1390 жылы 13 тамызда елу үш жасар Роберт III Шотландияның тағын иеленді. Патша не ауруының әсерінен, не кәрілігінің әсерінен елді тиімді басқара алмай, билікті бауыры, Файф графы, Роберт Стюартқа тапсырды.
Шотландиядағы Роберт III патшалығының дәуірі елдегі заңдар мен тәртібінің жоқтығы және әкімшіліктің бұзылуымен ерекшеленді. Бұл кезеңде әсері, әсіресе елдің таулы аймақтарында күрт өсті: ең ірі кландар өзара жауласты, таулықтар жағалаудағы қалаларға (1390 жылы Элгиннің күйдіруі) шапқыншылық жасады, елдің «жабайы» кельтті батысы мен «өркениетті» шығысының арасында антагонизм күшейді. 1396 жылы Пертте патшаның көзінше Хаттан мен Кей кландары арасында үлкен жекпе-жектер өтті, нәтижесінде қанды қырғынға айналып, тірі қалғандар біраз болды. Екінші жағынан, орталық үкіметтің әлсіздігі елдің таулы бөлігінің кельт мәдениетін қалпына келтіруге ықпал етті. Кельт қозғалысының көшбасшысы - патшалық билікке қатысты түбегейлі тәуелсіз саясат жүргізіп жүрген болды.
Роберт II билік басында басталған қазыналық табыстың құлдырауы, Роберт III-нің билігі кезінде шарықтау шегіне жетті: кеденнен түсетін табысты түрлі шотландтық барондарға патша бөлді, салық жинау тоқталды (1399 жылы Англиямен бейбіт келіссөздерді қаржыландыру үшін салық салуды енгізу әрекеті ақсүйектердің қарсыласуына әкеліп соқтырды). Мемлекеттік аппараттың қаржылық кірістерінің жалғыз көзі корольдік домен (аймақ) болып қалды, ол әр түрлі сыйлық сыйлаудың салдарынан үнемі азайып отырды.
Билік үшін күрес
1390 жылдардың соңында әлсіз Роберт III мен елдің нақты әкімшілігіне әсер ету үшін күрес күшейе түсті. Қарама-қарсы екі магнаттар тобы басқарды: бауыры Роберт Стюарт, 1398 жылдан бастап - Олбани герцогы; патшаның ұлы және тақ мұрагері Ротсей герцогы, Дәуіт. 1399 жылы Олбани мемлекетті тиісті деңгейде басқармады деп парламентті айыптады, сосын ол лауазымынан босатылды, ал Дәуіт Стюартқа елде 3 жылға билікті басқару функциялары беріліп, патшалықтың «лейтенанты» болып тағайындалды, бірақ тұрақты парламенттік комиссияның бақылауынан өтіп отырды. Алайда оның басты одақтасы - өлімі және Англиямен соғыстың қайта жандануы - мұрагердің партиясын әлсіреді. 1402 жылы Олбани герцогы Ротсейді тұтқындады және мүмкін аштықтан қайтыс болды. Олбани елдегі билігін қайта қалпына келтірді. Роберт III ұлының баскесерлірін кешіргенін жариялады.
Сыртқы саясат
1391 жылы франко-шотландық альянстың қалпына келуіне қарамастан, Роберт III патшаның билік еткен уақыттың бірінші жартысы ұзаққа созылған бітіммен және біршама Англиямен жақындасуымен есте қалды. Екі мемлекеттің асыл тектілердің арасында рыцарлық сайыстар ұйымдастырылып, Роберт III мен Ричард II-нің сарайлары арасындағы байланыс күшейе түсті. Бейбітшілік шарты жайлы келіссөздер басталды. Алайда 1399 жылы Англиядағы төңкеріс пен Ланкастердің билікке келуі тағы да Шотландияда соғыс басталу қаупін төндірді.
Соғыстың себебін тақ мұрагердің өзі, Ротсей герцогы, Дәуіт жасады. ұсынған үлкен жасаудың салдарынан қызымен некелесуден бас тартқан Ротсей, Данбарды ағылшын королінен көмек сұрауға мәжбүр етті. Генрих IV бұл мүмкіндікті пайдаланып, Англияның Шотландия үстінен егемендігіне талаптарын мәлімдеп, Шотландия короліне соғыс ашты. 1400 жылы ағылшын әскері Шотландияның аумағына басып кіріп, Эдинбургды қоршады, ал 1402 жылы Гомиландон шотланд армиясын жеңді.
Өз кезегінде, Шотландия Англия мен Уэльсте Генрих IV-ге қарсы көтерілістерді қолдады: солай Роберт III патшаның сарайында, 1405 жылы Ланкастерге қарсы әрекетінен кейін баспана тапты.
Роберт III-нің өлімі
Екінші ұлы, жас ханзада Яковтың өмірі үшін қауіптеніп, Роберт III оны Францияға оқуға жіберуді шешті. Бірақ ханзада Яков жүзіп бара жатқан кемені 1406 жылы 14 наурызда ағылшын қарақшылары абордажға алды, нәтижесінде шотландтық тақтың мұрагері Англияға тұтқынға түсті. Мұны білген соң Роберт III жүрек ұстамасын бастан кешірді және 1406 жылы 4 сәуірде патша дүние салды. Замандарының айтуынша (Bower, Scotichronicon), Роберт III бір кездері оның қабірінде осындай эпитаф болғанын қалады: «Бұл жерде бүкіл патшалықта патшалардың ең нашары және адамдардың арасында ең бақытсызы жатыр».
Неке мен балалары
Оған сэр Джон Драммондтың қызы, тұрмысқа шыққан (1367 жылдан бастап). Олардың балалары:
- Элизабет (қай. 1411), Далкейт лорды, Джеймс Дугласына тұрмысқа шыққан (1387)
- Маргарита (қай. 1456), тұрмысқа шыққан (1390)
- Мария (қай. 1458), тұрмыста 5 рет болды, алғаш рет — тұрмысқа шыққан (1387)
- Эгидия
- Дәуіт (1378—1402), Ротсей герцогы, қызы, Марджори Дугласқа үйленді (1400)
- Яков I (1394—1437), Шотландия королі (1406 жылдан бастап)
Әдебиет
- John of Fordun, Scotichronicon, continued by Walter Bower.
- Nicholson, R. Scotland: the Later Middle Ages, Edinburgh, 1997
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер