Исаак Ньютон, ағылш. Sir Isaac Newton ( 4 қаңтар 1643 жыл — 31 наурыз 1727) — ағылшын физигі, математигі, астрономы, табиғи философы, және , Корольдік қоғамның мүшесі . Оның 1687 жылы жарық көрген Табиғи философияның математикалық бастамалары (латынша: «Philosophiæ Naturalis Principia Mathematica») деген кітабы ғылым тарихындағы ең ықпалды шығарма болып саналады. Осы еңбегінде Ньютон және тұжырымдап, содан кейінгі үш ғасырда үстемдік еткен және қазіргі заманғы инженерлік ғылымның негізі болып табылатын классикалық механиканың негізінін қалаушысы. Ньютон өзінің тартылыс заңы мен Кеплердің ғаламшарлар қозғалысының заңдарының арасындағы сәйкестікті дәлелдеп, жер бетіндегі заттардың қозғалысы мен аспан денелерінің қозғалысы бірдей заңдарға бағынатынын көрсетті. Осылайша ол гелиоцентризм туралы соңғы күмәнды сейілтіп, ғылыми революцияның басын бастап берді.
Исаак Ньютон | |
---|---|
![]() | |
туған | қаңтардың 4 , Англия |
Қайтыс болды | 1727 ж. наурыздың 31 (84 жаста) , Лондон, Англия |
Тұратын жері | Англия |
Ұлты | ағылшын |
Салалары | физика, математика, астрономия, , алхимия, теология |
Институттары | Кембридж университеті |
Alma mater | |
Academic advisors | |
Notable students | |
Еңбегі үшін танылған | оптика |
Influenced | |
Religious stance | Англиканизм |
Signature![]() |
Механикада Ньютон және алға тартты. Оптикаға қосқан үлесі: ол жасап шығарып, жарықты көзге көрінетін жеті түске бөлетінін ашты. Ол тұжырымдап, зерттеді.
Математикада Ньютон қатар дифференциалдық және интегралдық санақты ойлап шығарды. Сонымен қатар ол биномдық теореманы көрсетіп, функцияның нөлін шамалауға қолданылатын тапты. зерттеуге де үлес қосты.
Ньютонның дінге деген қызығушылығы да зор болды, оның діни еңбектері көлемі жағынан ғылымға қосқан үлесінен үлкен.
Денелердің Орталық күш әсерінен қозғалу траекториясы конустық қима болатынын, оған себеп барлық планеталар мен кометалардың Күнге, ал планета серіктерінің өз планеталарына ара қашықтықтың квадратына кері пропорционал күшпен тартылуы екенін дәлелдеп, бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдады. Физикада Ньютон қызған денелердің суыну заңын, ақ жарықтың монохромат сәулелерге жіктелуін, сфералық мөлдір денелердің түйіскен нүктесінің айналасында интерференц. сақиналардың пайда болатынын, т.б. ашты. Ол – термометрді ойлап шығарған алғашқы ғалымдардың бірі. Астрономияны телескоптық бақылау мен математикаға сүйенетін жаңа ғылыми сатыға көтерді. Өзі жасаған екі айналы телескоп арқылы (1668 жылғы) аспан құбылыстарын тікелей бақылады. Аспан денелерінің қозғалыс теориясын жасап, аспан механикасының негізін салды. Ньютонның астрономиялық еңбектері механика мен физикадағы табыстарына ұштасып жатады. Математикада дифференциалды және интегралдық есептеулерді (Готфрид Вильгельм Лейбницке тәуелсіз) ойлап тапты, шамалардың ең үлкен және ең кіші мәндерін табу, қисық сызыққа жанама жүргізу, қисық сызықтың ұзындығын, жазықтықтағы тұйық сызықтың қоршайтын ауданын табу, функцияларды қатарларға жіктеу, т.б. жаңалықтар ашты. Бұлар математикалық анализдің негізі болып табылады. Ньютонның ғыл. шығармаларының жинағы 5 том болып 1779 – 85 жылы Лондонда латын тілінде басылған.
2005 жылы өткізілген сауалнамаға сұралғандардың көпшілігі Ньютонның ғылым тарихына жасаған ықпалы Альберт Эйнштейндікінен әлдеқайда күшті болған деп ойлайтындарын айтқан.
Кембридждағы өмірбаяны
- 1664 жылы Кембридж университетінің бөлімшесі Тринити колледжін бітірді
- 1665 жылы бакалавр дәрежесін алды
- 1669 жылы Кембридж университетінің профессор және физика-математика кафедрасының меңгерушісі болды
- 1672 жылы 1 қаңтарда Лондон Корольдік қоғамының мүшесі болып сайланды (1703 жылдан өмірінің соңына дейін президенті болды)
Шығармашылығы
- 1687 жылы “Табиғат философиясының математикалық негіздері”
- 1704 жылы “Оптика”
- 1672 жылы ″Жарық пен түстің жаңа теориялары”
- 1684 жылы ″Дененің орбитадағы қозғалысы″
- 1707 жылы “Әмбебап арифметика”
- 1728 жылы “ Әлем жүйесі ”
Ньютонның құрметіне аталған:
- Физикалқ бірлік (ХБЖ)
- Айдағы кратер және Марстағы кратер
- Исаак Ньютон медалі - бұл физика саласындағы халықаралық марапат, 2008 жылдан бастап Британ физика институты жыл сайын береді.
- Әр түрлі ғылыми заңдар, теоремалар мен тұжырымдамалар үшін Исаак Ньютон атындағы объектілер тізімі.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- Ысқақов М.Ө., Математика мен математиктер жайындағы әңгімелер, 3-кітап, А.-А., 1971
- Вавилов С.И., Исаак Ньютон, М., 1961
- Жәутіков О. А., Математиканың даму тарихы, А.-А., 1967
- Newton beats Einstein in polls of scientists and the public. The Royal Society. Тексерілді, 25 қазан 2006.
Сыртқы сілтемелер
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Isaac Newton |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер