Ақторғай (лат. Plectrophenax nivalis) – торғайтәрізділер отряды, сарыторғайлар тұқымдасына жататын құс. Негізінен Солтүстік жарты шарда тараған. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Денесінің ұзындығы 15 – 19 см, салмағы 35 – 40 г. Қауырсындары ақ, қара түсті, күзде және қыста жаңа түлеген қауырсындарының жиегі жирен түспен көмкерілген. Аналығы қоңыр түсті. Ұясын маусым – шілденің басында жердегі тастардың арасына салады, онда 4 – 7 жұмыртқа болады. Жұмыртқасын аталығы мен аналығы 12 – 13 күндей шайқайды. Өсімдіктің жапырағымен, тұқымымен және жәндіктермен қоректенеді.
Ақторғай | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Еркек | ||||||||||||||
![]() () | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Plectrophenax nivalis (Linnaeus, 1758) | ||||||||||||||
Passerina nivalis |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODNMemM1TDFCc1pXTjBjbTl3YUdWdVlYaGZibWwyWVd4cGMxOXVhWFpoYkdselRVaE9WQzVhVDA4dU1qQXhNQzR4TVM0eU1UZ3VYMHRwYm1kelltRjVKVEpEWDA1NUxTVkRNeVU0Tld4bGMzVnVaRjlPWVhWeWIybHpMbXB3Wnk4eU1qQndlQzFRYkdWamRISnZjR2hsYm1GNFgyNXBkbUZzYVhOZmJtbDJZV3hwYzAxSVRsUXVXazlQTGpJd01UQXVNVEV1TWpFNExsOUxhVzVuYzJKaGVTVXlRMTlPZVMwbFF6TWxPRFZzWlhOMWJtUmZUbUYxY205cGN5NXFjR2M9LmpwZw==.jpg)
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедиясы, V- том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — орнитология бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |