Қызылтұмсық шауқарға, тауқарға (лат. Pyrrhocorax pyrrhocorax) – торғайтәрізділер отряды, қарға тұқымдасына жататын құс. Қазақстанда Тянь-Шань, Жетісу (Жоңғар) , Тарбағатай, және Алтай тауларындағы жартастар арасын мекендейді, қысқа қарай өзен аңғарларына ойысады. Тұрқы 40 см, салм. 220 – 290 г, қауырсыны жылтыр, шымқай қара түсті.
Қызылтұмсық шауқарға | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() P. p. barbarus | ||||||||||||||
![]() () | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Pyrrhocorax pyrrhocorax Линней, 1758 | ||||||||||||||
![]() Шамамен көрсетілген ареалы |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODJMell5TDFCNWNuSm9iMk52Y21GNFgzQjVjbkpvYjJOdmNtRjRYMDFJVGxRdVdrOVBMakl3TVRBdU1URXVNVGN4TGpFdWFuQm5Mekl5TUhCNExWQjVjbkpvYjJOdmNtRjRYM0I1Y25Kb2IyTnZjbUY0WDAxSVRsUXVXazlQTGpJd01UQXVNVEV1TVRjeExqRXVhbkJuLmpwZw==.jpg)
Ересектері қызғылттау, имек тұмсықты, бұл олардың айқын белгілерінің бірі болып есептеледі. Балапандарының тұмсығы сары түсті. Отырықшы құс. Сәуір – мамыр айында жартас жарығын ұялап, 4 – 6 шұбар жұмыртқа салады. Оларды мекиені 18 күндей басып, балапан шығарады. Балапандарын мекиені мен қоразы ұяда 38 – 40 күндей, ұядан ұшқаннан кейін де ұзақ уақыт бойы бірлесіп асырайды. Өсімдік тұқымымен, жәндіктермен және тұт ағашының жидегімен қоректенеді. Тауқарға ағаш тұқымын айналаға таратып, пайда келтіреді.
Дереккөздер
- BirdLife International Pyrrhocorax pyrrhocorax. Version 2008. (2009). Тексерілді, 4 қараша 2009.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — орнитология бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |