Бізтұмсық (лат. Recurvirostra avosetta) – татреңтәрізділер отряды бізтұмсық туысына жататын құс. Қазақстанның жазық өңіріндегі сулы-батпақты жерлерінде кездеседі. Дене тұрқы 44 – 47 мм, салмағы 220 – 310 г. Бізтұмсықтың ұзын, жіңішке, жоғары қарай қайқиған біз тәрізді имек келеді (аты осыған байланысты қойылған). Төбесі мен мойнының үстіңгі жағы және қанатының кей жері бірыңғай ақ түсті, сирағы ұзын, болады. Бізтұмсық – жыл құсы. Сәуір – мамыр айларында ұшып келіп, су жағалауларында кішкене шұқырларға немесе ұсақ тастар арасына әдетте 4 жұмыртқа салады. Оны мекиені мен қоразы 24 – 25 күндей басады. Бізтұмсық тайыз шалшық суларды кешіп жүріп, әр түрлі шаян тәрізділермен, жәндіктермен және бұлардың дернәсілімен, кейде өсімдіктердің дәнімен қоректенеді. Тамыз – қазан айларында жылы жаққа ұшып кетеді.
Бізтұмсық | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||
![]() () | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Recurvirostra avosetta Линней, 1758 |
Бізтұмсық - шөжебізтұмсық шөже тұқымдасына жататын салм. 89 г торғай тәрізді кішкене құс. Бізтұмсық шөженің арқасы көлденеңінен қарақошқыл, бауыры көлденең сұрғылт жолақты, қоңыр. Іле, Күнгей, Теріскей Алатауларын, сирек те болса Балқаш, Зайсан аймақтарын, Тянь-Шань тауының қылқан жапырақты ормандарын мекендейді. Құс қайту кезінде өзен-көл маңында кездеседі. Сөуір-мамыр айларында Бізтұмсық шөженің еркегі жарқабақтар мен жартастардың жарықтарына, ағаш басына ұя жасап, дайын ұяға ұрғашысын ертіп келеді. Бізтұмсық шөже жазда екі рет балапан шығарады. Алғашында 5-6 жұмыртқа салады. 16-18 күнде балапандарын ұядан ұшырып, тағы 4-5 жұмыртқа салады. Бізтұмсық шөже әр түрлі ұсақ жәндіктерді және олардың дернәсілдерін жейді.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODJMell6TDFKbFkzVnlkbWx5YjNOMGNtRmZZWFp2YzJWMGRHRmZaR1Z3WVhKMGRYSmxMbXB3Wnk4eU1qQndlQzFTWldOMWNuWnBjbTl6ZEhKaFgyRjJiM05sZEhSaFgyUmxjR0Z5ZEhWeVpTNXFjR2M9LmpwZw==.jpg)
Дереккөздер
- BirdLife International (2008). Recurvirostra avosetta. In: 2008. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on 9 Dec 2008. Database entry includes justification for why this species is of least concern
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, , II том
- Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — орнитология бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |