Жар қарлығашы, жағалаушы (лат. Riparia riparia) — торғайтәрізділер отрядының қарлығаш тұқымдасына жататын кішкентай құс. Қазақстанның су айдындарында кең тараған. Өзендердің жарқабағын мекендейді. Дене тұрқы 12 — 14 см, қанатының ұзындығы 9 — 10 см, салмағы 11 — 18 г. Арқасы қоңырқай, қанаты мен құйрығы қара, бауыры ақшыл сұр түсті. Жемін ұшып жүріп ұстайды. Жерде жүре алмайды. Шықылықтаған дыбыс шығарады. Жар қарлығашы — жыл құсы. Сәуір — мамыр айында Қазақстанға ұшып келіп, жарқабақтағы індерге (тереңд. 50 см-дей, кейде 1,5 м-дей) ұялайды. Жылына екі рет көбейеді. Мамырда 3 — 8 (кейде 4 — 6) жұмыртқа салып, мекиені мен қоразы кезектесіп, 12 — 16 күн басады. Балапандары 20 шақты күнде қанаттанады. Қыркүйекте қыстау үшін Африкаға, оңтүстік Азияға ұшып кетеді. өсақ зиянкес жәндіктермен қоректеніп, пайда да келтіреді.
Жар қарлығашы | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Ұяның қасындағы ересек | ||||||||||||||
![]() (IUCN3.1) | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Riparia riparia (Linnaeus, 1758) | ||||||||||||||
Hirundo riparia Linnaeus, 1758 |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODJMell5TDFKcGNHRnlhV0ZmY21sd1lYSnBZVjlOU0U1VUxtcHdaeTh5TWpCd2VDMVNhWEJoY21saFgzSnBjR0Z5YVdGZlRVaE9WQzVxY0djPS5qcGc=.jpg)
Дереккөздер
- "Қазақ Энциклопедиясы"
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — орнитология бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |