Қызыл үйрек, отүйрек, сарыалақаз (лат. Tadorna ferruginea) - қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасына жатады.
Қызыл үйрек | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||
![]() (IUCN3.1) | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Tadorna ferruginea (Pallas, 1764) | ||||||||||||||
Casarca ferruginea |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHhMekUyTDFSaFpHOXlibUZmWm1WeWNuVm5hVzVsWVY5TlNFNVVMbHBQVHk0eU1ERXdMakV4TGpJeExqRXVhbkJuTHpJeU1IQjRMVlJoWkc5eWJtRmZabVZ5Y25WbmFXNWxZVjlOU0U1VUxscFBUeTR5TURFd0xqRXhMakl4TGpFdWFuQm4uanBn.jpg)
Қазақстанның солтүстігінен басқа жердің бәрінде кездеседі. Дене тұрқы 62 см, қанатының ұзындығы 40 см, құйрығының ұзындығы 14 см, салмағы 1,5 кг. Реңі – кірпіш түстес қызыл сары, басы боз, қызғылт, құйрығы мен қанаты қарауылы Аталығының мойнында жіңішке қара сақинасы болады. Отүйрек – жыл құсы. Қазақстанға наурыздың басында ұшып келіп, сүтқоректілердің ініне, құлама жартастың не ағаштың қуысына ұя салады. Ұяда 8 – 12 ақшыл сары жұмыртқа болады, оларды мекиені басып шығарады. Су жәндіктері және балдырлармен қоректенеді. Қазан айының басында қыстау үшін Каспий теңізінің оңтүстігі мен Орта Азияға ұшып кетеді. Отүйрек – әуесқойлық жолмен ауланатын құс.
Дереккөздер
- «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.
![]() | Бұл — орнитология бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |