Қылғытпа сайрақ (лат. Turdus viscivorus) - туысына жататын құс. Дене тұркы орташа 27 см. Еуропада, Солтүстік-Батыс Африкада және Азияда, (оңтүстіктен Гималай тауларына дейін) таралған; ТМД-да қылқан жапырақты ормандарда, әсіресе Красноярскіде, , Кавказда, Орта Азияда, , биіктігі 3000 м дейінгі таулы ормандарда кездеседі. Әні флейталы ысқырық.
Қылғытпа сайрақ | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||
![]() (IUCN3.1) | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Turdus viscivorus Линней, 1758 |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODVMemswTDFSMWNtUjFjMTkyYVhOamFYWnZjblZ6WDJSbGFXTm9iR1Z5YVY5TlNFNVVYekl6TWw5QkpVTXpKVUZHYmkxRGFDVkRNeVZCT1c1cFlTVXlRMTlGYkY5QmIzVnBibVYwWDBGc1p5VkRNeVZCT1hKcFpTNXFjR2N2TWpJd2NIZ3RWSFZ5WkhWelgzWnBjMk5wZG05eWRYTmZaR1ZwWTJoc1pYSnBYMDFJVGxSZk1qTXlYMEVsUXpNbFFVWnVMVU5vSlVNekpVRTVibWxoSlRKRFgwVnNYMEZ2ZFdsdVpYUmZRV3huSlVNekpVRTVjbWxsTG1wd1p3PT0uanBn.jpg)
Толығырақ
Қылғытпа сайрақ () – Қазақстандағы сайрақтар туысының ең ірі денелі (110-145 г) өкілі. Аталығы мен аналығы реңдері бірдей : жоны зәйтүн түстес сұр , бауыры – көк теңбелді , ақ реңкті дөңгелек қошқыл теңбілдер жиі орналасады . Аздап толқындана , екпіндеп , түзу ұшады . Ірі денелі қылғытпа сайрақ ұшып жүргенде қанатының ақ астары бойынша жақсы ажыратылады . Басқа ұқсас сайрақтардың қанаттарының астары қызыл қошқылдан сарғылт түске дейін болады . Жерде жүргенде , секектеп , сақатана құлақ салып , жиі-жиі тоқтайды( адамды 30 – 40 метрден жақын жолатпайды ) . Дабыл қиқулы – «тррлап» қатаң дыбыс шығару . Қылғытпа сайрақ ұшып жүргенде жиі-жиі осылай дыбыстайды. Әуені әуезшіл және қара сайрақтардай болмаса да , қатты және әуезді .Ертеңгілікке және кешкілікке бұлар « тирули- тирули» деген мұңды , құбылмалы ызыңды ұдайы және едәуір жиі қайталайды. Сайрақ әуен қызған кезде бір сағатта 1100 әуенге дейін орындайды . Кез-келген сайрақтар тәрізді қылғытпа сайрақ та орман құсы . Ол Еуразия және Солтүстік Африка ормандарында таралған , ал Қазақстанда тау қылқанды ормандарында ( Батыс Тәңір таудан Батыс және Оңтүстік Алтайға дейін ) , сондай- ақ Көкшетау көтерілімінің қарағайлы тоғайында және Қазақ Ұсақ шоқыларында қарағай , қайың , теректі ойдым-ойдым алқапта мекендейді . Орман төсенішінен бунақденелілерді , құрттар және ұлуларды іздестіріп , қорегін жерден аулайды . Ұяларды ағаш басына , сондай- ақ қарағай , шырша , биік діңді арша сияқты қылқанды ағаштар басында көбірек орналастырады . Таулы жерлерде субальпілік белдеудің жартастарына дейін көтеріліп , ұяларды жартас үстіне орнықтырады .
Бір жазда екі рет балапан өргізеді , салындыда әр жылы 3 – 5 тат түстес қоңыр теңбілді көгілдір сұр жұмыртқалары болады . Жұмыртқаларды аналық екі аптадай басады . Және ата – енелер ұяда балапандарды сонша уақыт қоректендіреді . Қылғытпа сайрақтардың жер-жерде кездесуі көктемгі ұшып өтуі кезінде – наурыз –сәуірде , күзгі ұшып өтуі – қыркүйек және қазанда болады . Алайда Қазақстанның нағыз оңтүстігінде Талас Алатауының аршалы орманында қылғытпа сайрақтар жыл бойы кездеседі . Сонымен бірге олардың қыстағы мөлшері жаздағыдан кем болмайды . Бұл жерде солтүстіктен ұшып келген қылғытпа сайрақтардың қыстап , жергіліктерінің осы уақытта оңтүстікке кетуі де мүмкін. Қылғытпа сайрақтар қалай болғанда да осы жерде аршаның бүрлі жидектерімен қоректенеді . Олар альпілік шауқарғалармен бірлесіп , тауда өсетін құнды ағаштардың негізгі тұқымын тартушылар болып саналады .
Дереккөздер
К45 Құстар.Мектеп энциклопедиясы («Қазақстан жануарлары» сериясы ).Алматы : «Атамұра» баспасы , 2010 . – 352 бет ). Ковшарь А.Ф . Ковшарь В. А.
- BirdLife International (2004). Turdus viscivorus. 2006. . 2006. www.iucnredlist.org. Retrieved on 12 мамыр 2006. Database entry includes justification for why this species is of least concern
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — орнитология бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |