MS Voyager of the Seas («Теңіз жиһанкезі») — алғашқы лайнер. Кеме американдық Royal Caribbean International компаниясы үшін финдық верфінде 1999 ж. соғылған.
«Теңіз жиһанкезі» | |
Voyager of the Seas | |
| |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Түрі |
|
Мемлекет | |
Тіркелген айлақ | Нассау |
Класс | Voyager |
ИМО нөмірі | 9161716 |
Қысқаша атауы | C6SE5 |
Операторы | |
Иемденуші |
|
Соғушы |
|
Суға түсірілді | 1998 |
Қолданысқа берілді | 1999 |
Қазіргі уақытта | Қолданыста |
Сипаттамасы | |
Су ығыстырымы | 137 276 т. |
Ұзындығы | 311,1 м |
Ені | 47,4 м |
Биіктігі | 63 м |
Орташа шөгуі | 8 м |
Техникалық сипаттамасы | |
Қозғалтқыштар | 6 Wärtsilä дизельді қозғалтқыш |
Қуаттылығы | 75,6 МВТ |
Жылдамдығы | 22 түйін (круизді) |
Экипаж саны | 1 181 |
Жолаушылар сыйымдылығы | 3 114 |
Кемеге 3 114 жолаушы сыйады. Финляндияның Турку қаласындағы STX Finland верфінде соғылған. Салмағы 137 276 т., ұзындығы 311,1 м. және ені 47,4 м. 15 палубадан тұрады. Каюталар саны — 1557. Кеме құрылысының бағасы — $650 млн.
Кеменің тарихы
1998 ж. 27 қарашада зауыт нөмірі 1344-ші кеменің килі төселеді. 1999 ж. 29 маусымда жүру сынағы өткізіліп, 29 қарашада Royal Caribbean International компаниясына тапсырылады. 21 қарашада 1999 ж. Майами айлағынан кеме өзінің алғашқы сапарын бастайды. Voyager of the Seas Солтүстік Еуропамен, Жерорта теңізімен, сонымен қатар Кариб теңізімен, Американың Атлант жағалауларымен саяхаттайды.
Кемедегі ойын-сауықтар
Voyager of the Seas-ті жүзбелі қонақ үй деп те атайды. Себебі мұндай қызмет көрсету саласы сол уақыттағы кеме құрылысында бірінші рет қолданған болатын. Мысалы, кеменің құбырында жарға өрмелейтін қабырға орналыстырылған. Круизді кемелерде бұрын сонды болмаған мұз айдыны соғылды. Сонымен қатар «Royal Promenade» — үсті шыны күмбезбен көмкерілген сауда көшесі орналасты. Биіктігі төрт палубамен тең, ұзындығы кеменің 3/4 бөлігін алып жатқан променадта дүкендер, дәмханалар мен жәрмеңкелер орналасты.
Лайнерде жолаушылар үшін түнгі клуб, үшдеңгейлі театр, бассейндер, мини-гольф, волейбол және баскетбол алаңқайлары, екі палубалы кітапхана және тағы басқа ойын-сауықтар жұмыс істеді.
Кеменің суреттері
-
- Кеменің тұмсығы
- Royal Promenade
- Voyager of the Seas Неопаль айлағында, 2007 Тамыз
- Voyager of the Seas Фукуока, Жапония,2013
Дереккөздер
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Voyager of the Seas |
- Vessel Info: MS Voyager of the Seas. DNV Exchange. Det Norske Veritas (2010). Тексерілді, 18 маусым 2010.
- Fakta om fartyg. Басты дереккөзінен мұрағатталған 5 тамыз 2012.
- "Cruise Ship Guide". Cruise Travel (Lakeside Publishing Company): 37–43. қаңтар/ақпан 2009. 0199-5111.
- Seaward SEA GUARD Marine Fenders Protect World's Largest Cruise Ship at “The Cruise Ship Capital of the World”
Сыртқы сілтемелер
- Voyager of the Seas ресми сайты (ағылш.)
- faktaomfartyg-те кеме туралы. Басты дереккөзінен мұрағатталған 5 тамыз 2012. (швед.)
- MarineTraffic-те кеменің сипаттамасы және суреті
Рекордтар | ||
---|---|---|
Ізашары: | Әлемдегі ең үлкен жолаушы кемесі 1999 — 2000 | Ізбасары: MS Explorer of the Seas |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер