Нейтрон (ағылшынның neutron, латынның neuter – ол да емес, басқа да емес), (n) – спині 1/2 және массасы протон массасынан аз ғана артық, электрлік тін; адрондар класына жататын бариондар тобына енетін бөлшек. Еркін күйдегі Нейтрон – орнықсыз бөлшек, оның орташа өмір сүру уақыты 15,3 мин. Протондар мен Нейтрондардан барлық атом ядролары құралады. Нейтронды ағылшын физигі ашты (1932). Негізгі сипаттамалары: массасы mn 1,67410–24кг 1840me (me – электрон массасы); Q=0; бариондық заряды В=+1; лептондық заряды L=0; ғажайыптылығы S=0, әрі оның ішкі жұптылығы оң болады. Нейтрон ядролық энергетикада, мен изотоптар өндірісінде, сондай-ақ, химиялық талдауда және геологиялық барлауда пайдаланылады.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODJMell4TDA1bGRYUnliMjR1WjJsbUx6SXlNSEI0TFU1bGRYUnliMjR1WjJsbS5naWY=.gif)
Түрлері
- Жылулық нейтрондар – кинетикалық энергиясы 510–3 эВ-тен 0,5 эВ-ке дейін болатын нейтрондар. Олар нейтрондарды баяулатқыш орта атомдарымен жылулық тепе-теңдікке дейін баяулату арқылы алынады.
- Аралық нейтрондар -кинетикалық энергиясы 10-100 кэВ нейтрондар.
Нейтрон ғұмыры рекордтық дәлдікте өлшенді
Лос-Аламос ұлттық зертханасының UCNτ коллаборациясы физиктері нейтронның атом ядросынан тыс өмір сүру ұзақтығын мүмкіндігінше дәл өлшейтін эксперимент жасады. Протон, электрон және антинейтриноға ыдырап кеткенге дейін еркін нейтрон 877,75 ± 0,28 секунд (14 минут 38 секунд) өмір сүреді екен. Бұл деректер Әлемдегі материяның пайда болуын түсінуге көмектеседі. Жойқын жарылыстан соң, әлемді толтырып тұрған ыстық супертығыз материя мен электрондарға дейін суыды. Секундтың миллиондық бөліктері өте, кварктар протондар мен нейтрондарға бірікті. Санаулы минуттан соң протон-нейтрон сорпасынан алғашқы атом ядролары түзіле бастады.
Сілтемелер
Пайдаланған әдебиет
- Қазақ энциклопедиясы, 7 том
- Физика және Ғарыш https://www.facebook.com/photo/?fbid=375234714392323&set=a.194976562418140
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер