Пигменттер (лат. pіgmentum — бояу), биологияда — ағза ұлпасы құрамында болатын боялған заттар. Пигменттердің түсі күн спектрінің әр түрлі сәулесін сіңіретін тобына байланысты анықталады. Пигменттердің ағза тіршілігінде, әсіресе процесінде маңызы зор.
Жануарлар мен өсімдіктер ағзасында , Пигменттері көп мөлшерде кездеседі. Порфирин жасыл өсімдіктердің хлорофилл молекуласында; фотосинтезге қатысатын бактериялардың бактерио-хлорофиллдерінде; жануарлардың тыныс алу процесіне қатысты пигменттерінде (гемоглобин, миоглобин, хлорокруорин, т.б.) болады. Өсімдіктердің гүлі, жемісі, жапырағына түс беретін, химиялық құрылысы, түсі мен таралуы жөнінде бір-бірінен ерекшеленетін заттар (антоциандар, ) өсімдік Пигменттерінің үлкен тобы — флавоноидтердің құрамына кіреді.
Жануарлардың көру мүшесінде құрамы күрделі көру Пигменттері бар. Пигменттер жасуша мен түрлі мүшелерде сұйық күйде болады. Адам ағзасындағы Пигменттер алмасуы бұзылуының бұзылуы ағнаны ауруға шалдықтырады. Пигменттердің өзгеріске ұшырауы тұқым қуалайды және жүре пайда болады. Пигменттер алмасуы бұзылуының жүре пайда болуы бауырдың ауруынан (гепатит, ісік, т.б.), ағзада дәруменнің жетіспеуінен, қан ауруларының асқынуынан болады.
Пигменттер химияда — пластмасса, резина, қағаз, т.б. бояуда, баспахана мен құрылыс бояуларын дайындауда қолданылатын түрлі-түске боялған химиялық қосылыстар. Пигменттер бейорганик. және органик. түрлерге бөлінеді. Бейорганикалық Пигменттер табиғи, минералды, синтетик. болып бөлінеді. Оларға: өтпелі металдардың (Fe, Co, Cr, т.б.) оксидтері, тұздары, кешенді қосылыстар, түсті металдардың (Al, Cu, Zn, Fe, Nі) ұнтақтары, құймалар (қола, ), күйе жатады. Органикалық Пигменттер — әр түрлі химиялық құрылысты синтетик. бояғыш заттар. Олардың ішіндегі негізгілері — азопигменттер мен азолактар. Пигменттер боялған материалдың көптеген қасиеттерін (коррозияға төзімділігін, әсемділігін, т.б.) жақсартады. Пигменттерді алуда табиғи шикізатты үгіту (мысалы, темір жосасын алуда), сулы ерітінділерді химиялық тұндыру (литопон алу), т.б. әдістер қолданылады.
Дереккөздер
- О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова. Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VII том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер