Коста-Рика Ұлттық құрама командасы, лақап аты "Лос Тикос" — Коста-Риканың ұлттық құрамасы. КОНКАКАФ-қа кіретін құрамалар ішіндегі Мексика және АҚШ-тан кейінгі күшті құрама.
Коста-Рика Ұлттық футбол құрамасы | |||
Лақап аты | Los Ticos | ||
---|---|---|---|
Конфедерация | |||
Федерация |
| ||
Бас бапкері | |||
Капитаны | |||
Ең көп ойын саны | (137) | ||
Үздік бомбардир | (47) | ||
ФИФА рейтингі | 26 (-7) (6 шілде 2017) | ||
ФИФА коды | CRC | ||
Формасы | |||
| |||
| |||
Тарихы
Коста-Рика футболдың ұзақ мәдениеті мен дәстүріне ие. Ұлттық құрама алғашқы ойынын Орталық Американың тәуелсіздігінің 100 жылдығына арналған чемпионатта 1921 ж. қыркүйекте өткізді. Жарыстағы алғашқы ойынында Сальвадор құрамасын 7-0 есебімен жеңді. Финалда Гватемала құрамасынан 6-0 есебімен жеңілді.
Әлем чемпионатына тұңғыш рет 1990 жылы қатысты. Топтық турнирде Бразилиядан ғана ұтылып (0:1), қалған екі қарсыласын (Швеция мен Шотландияны) тізе бүктіріп 1/8 финалға жолдама алды. Аталмыш раундта 1:4 есебімен Чехословакиядан ұтылып қалды.
2002, 2006 жылдарғы әлем чемпионатында топтық турнирден өте алмады. Ал 2014 жылы Италия, Англия, Уругвайлармен өлім тобына түскеніне қарамастан бір матчта да ұтылмады. Әуелі 0:1 есебімен ұтылып тұрып, 3:1 есебімен Уругвайды тізе бүктірді. Екінші турда Италияның өзі қапы қалды — 1:0. Соңғы турда Англиямен ұпай бөлісті. Бұл ойында есеп ашылған жоқ. 1/8 финалда пенальтилер арқылы Грекияны қапы қалдырды да, өз тарихтарында бірінші рет 1/4 финалға шықты. Бұл кезеңде Нидерланд құрамасымен 120 минут бойы айқасты, есеп ашылмады. Пенальтилер сериясында еуропалықтардың жолы болды.
Жетістіктері
- КОНКАКАФ Алтын кубогы жеңімпазы: 1963. 1969. 1989
- КОНКАКАФ Алтын кубогының финалисі: 2002
Құрама ойыншылары
2018 жылғы әлем чемпионатындағы құрамы
№ | Аты | клуб | Туған жылы, күні |
---|---|---|---|
Қақпашылар | |||
1 | Кейлор Навас | Реал Мадрид | 15 желтоқсан 1986 |
18 | Патрик Пембертон | Алахуэленсе | 24 сәуір 1982 |
23 | Леонель Морейра | Эредиано | 4 сәуір 1990 |
Қорғаушылар | |||
2 | Джонни Акоста | Рионегро Агилас | 21 шілде 1983 |
3 | Джанкарло Гонсалес | Болонья | 8 ақпан 1988 |
4 | Ян Смит | Норрчёпинг | 6 наурыз 1998 |
6 | Оскар Дуарте | Эспаньол | 3 маусым 1989 |
8 | Брайан Овьедо | Сандерленд | 18 ақпан 1990 |
15 | Франсиско Кальво | Миннесота Юнайтед | 8 шілде 1992 |
16 | Кристиан Гамбоа | Селтик | 24 қазан 1989 |
19 | Кендалл Уостон | Ванкувер Уайткэпс | 1 қаңтар 1988 |
22 | Рональд Матаритта | Нью-Йорк Сити | 9 шілде 1994 |
Жартылай қорғаушылар | |||
5 | Сельсо Борхес | Депортиво | 27 мамыр 1988 |
13 | Родни Уоллас | Нью-Йорк Сити | 17 маусым 1988 |
14 | Рэндалл Асофейфа | Эредиано | 30 желтоқсан 1984 |
17 | Ельцин Техеда | Лозанна | 17 наурыз 1992 |
20 | Давид Гусман | Портленд Тимберс | 18 ақпан 1990 |
Шабуылшылар | |||
7 | Кристиан Боланьос | Саприсса | 17 мамыр 1984 |
9 | Даниэль Колиндрес | Саприсса | 10 қаңтар 1985 |
10 | Брайан Руис | Спортинг (Лиссабон) | 18 тамыз 1985 |
11 | Джохан Венегас | Саприсса | 27 қараша 1988 |
12 | Жоэль Кэмпбелл | Реал Бетис | 26 маусым 1992 |
21 | Маркос Уренья | Лос-Анджелес | 5 наурыз 1990 |
Бапкер | |||
Оскар Рамирес | 8 желтоқсан 1964 |
Дереккөздер
- FIFA/Coca-Cola World Ranking (ағыл.). FIFA.
- Romero, Marcos Costa Rica International Soccer Matches Since 1920. RSSSF (28 тамыз 2009). Тексерілді, 2 қараша 2010.
Сілтемелер
- Ресми сайты (исп.)
- Коста-Рика құрамасы ФИФА сайтында 19 қаңтардың 2019 жылы. (ағыл.)
- Коста-Рика құрамасы матчары жайлы Eloratings.net сайтында
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер