Поэма — эпостық жанрдың бір түрі; белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалық не лирикалық үлгідегі өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма.
Поэма көбіне сюжетке құрылып, кейіпкерлердің қарым-қатынасын, тартыс-таласын, күйініш-сүйініш, мінез-құлық, іс-әрекеттерін суреттейді. Поэма барлық халықтың әдебиетінде кездесетін көне жанр. Мысалы, ежелгі грек әдебиетінде “Илиада”, “Одиссея” эпикалық поэмалары, ертедегі орыс әдебиетінде халықтық дастандар (былина) мен “Игорь жасағы туралы жыр”, т.б. поэмалар кеңінен мәлім. А.С. Пушкиннің “Мыс салт атты”, М.Ю. Лермонтовтың “Мцыри”, Н.А. Некрасовтың “Русьте кім жақсы тұрады?” атты шығармалары поэма жанрының классикалық үлгісі саналады. Абайдың “Ескендір”, “Масғұт”, Ш. “Қалқаман — Мамыр”, М. “Медғат — Қасым”, М.Сералиннің “Гүлқашима”, С.Торайғыровтың “Кедей”, “Адасқан өмір”, т.б. шығармалары қазақ әдебиетіндегі поэманың үздік туындылары. Поэма кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінде кемел жанрға айналды. М.Жұмабаевтың “Батыр Баян”, С.Сейфуллиннің “Көкшетау”, І.Жансүгіровтің “Құлагер”, С.Мұқановтың “Сұлушаш”, Т.Жароковтың “Тасқын”, Ә.Тәжібаевтың “Абыл”, қаласыАманжоловтың “Ақын өлімі туралы аңыз”, І.Бекхожиннің “Батыр Науан”, т.б. туындылары поэманың таңдаулы нұсқаларына жатады. 20 ғ-дың 2-жартысында қазақ әдебиетінде поэма жанры айрықша дамыды. Х.Ерғалиевтің “Құрманғазы”, Ж.Молдағалиевтің “Мен қазақпын”, Ғ.Іайырбековтің “Дала қоңырауы”, І.Мырзалиевтің “Қызыл кітап”, М.Шахановтың “Өркениеттің адасуы”, “Жазагер жады космоформуласы” сияқты идеялық мазмұны терең, көркемдік қуаты жоғары поэмалар қазақ әдебиетінің арнасын кеңейтті.
Дереккөздер
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
- Белинский В.Г., Разделение поэзии на роды и виды, т. 5, М.—Л., 1954
- Алпысбаев І., Поэма және сюжет, А., 1992
- Нарымбетов Ә., 70 — 80 жылдардағы қазақ поэмасы, А., 1999
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер