Томаға– Қыран құстардың екі көзін саңылаусыз жауып тұратын құсбегілердің Саятшылық кезінде қажетті құрал-жабдықтарының негізгілерінің бірі. Жұмсақ қалың былғарыдан тігіледі.
Бүркітті баптап-баулу үшін, оның бала-шаға, итке, құсқа, қызылға ұмтыла бермеуі үшін және жақындағанды шап беріп бұру қаупінен сақтану үшін томағалайды. Сондықтан, қолдағы бүркіт өз төңірегіндегі қызылды-жасылдан, өз ортасынан аз да болса бөлектенеді. Құстың Томағасы аңға жіберілген кезде сыпырылады.
Дереккөздер
- Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь".
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |