Құмкөл мұнай-газ кен орны — Қарағанды облысы Ұлытау ауданында, Қызылорда облысы Қызылорда қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 150 км және Павлодар-Шымкент мұнай құбырынан 230 км батыста орналасқан. 1983 жылы іздеу-барлау нәтижесінде анықталып, 1984 жылы алғашқы ұңғыманы бұрғылау барысында төменгі неоком түзілімдерінен мұнай алынған.
Құмкөл мұнай-газ кен орны | |
46°25′05″ с. е. 65°43′10″ ш. б. / 46.41806° с. е. 65.71944° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 46°25′05″ с. е. 65°43′10″ ш. б. / 46.41806° с. е. 65.71944° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Қарағанды облысы |
Ашылған уақыты | 1984 жыл |
Теңгерімдік қорлары | 280 млн т |
Статусы | қолданыста |
Өңдеу әдісі | ашық |
Жылдық өнімі | 5,8 млн т |
Жер қойнауын пайдаланушы | ПетроҚазақстан |
Геологиялық құрылымы
Кен орны тектоникалық жағынан Сорбұлақ көтерілімінің Арысқұм ойпатынан жапсарлас аймағындағы төменгі неоком мен юра түзілімдеріндегі қабаттардан тұрады.
Жатыс сипаты
Өнімді қабаттың тереңдігі 1063-1270 м. Коллекторлардың ашық кеуектілігі 19,3-23,7%, өткізгіштігі 0,17- 1,13 мкм2, мұнайға қанығу коэффициенті 0,58-0,71, газға қанығу коэффициенті 0,57-0,72. Бастапқы қабат қысымы 11,5-13,76 МПа, қабат температурасы 49-56 °С. 7 мм штуцерде мұнайдың тәуліктік өнімділігі 125,8 м3, газ 93,8 мың м3.
Құрамы
Бор және юра шоғырларының мұнайларының құрамы ұқсас. Тығыздығы 0,812-0,819 г/см3, күкірт 0,11-0,52%, парафин 10,8-11,5%, асфальтен 0,11-0,92 %, шайыр 4,8-8,42%. Газ құрамында күкіртсутек — 0,02-0,07%, азот — 3,1-10%, көмірқышқыл газ — 0,5-0,9% және гелий 0,01-0,1%. Қабаттағы сулар хлоркальцийлі, минералдылығы 49,784 г/л. Су құрамында бром, литий және стронций кездеседі. Кен орны игерілуде.
Дереккөздер
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. (Т.З.),
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер