Алма-Арасан (шипажай) – бальнеологиялық санаторий.
Іле Алатауының шырша жамылған солтүстік баурайында (), 1780 м биіктікте орналасқан. Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 19 км. Жыл бойы жұмыс жасайды. Ауа температурасы (орта есеппен): қаңтарда –4°С, шілдеде 15°С. Санаторийде жауын-шашын мөлшері 900 мм, жылына 1600 сағ күн ашық болады. Емдеу үшін кремний қышқылы радон аралас сульфат-гидрокарбонатты азот, кальций-натрийлі минералды жылы су (37,8°С) қолданылады, сондай-ақ климат факторлары (таза су, әсем табиғат), физиотерапия, массаж, емдік пайдаланылады. Санаторийдің минералды суы 14 ғ-дан белгілі, 1930 жылдан зерттеле бастады. Алма-Арасан санаторийінде жүйке жүйесі, әйел аурулары, аяқ, қол, буын, тері және асқазан аурулары емделеді.
Дереккөздер
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |