Серік Жаманқұлұлы Шайдаров - 1965 жылы 3 наурызда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде туған. Қазақ.Арғын тайпасының Қуандық руының Мойын-Қараша бөлімінен шыққан.
Қарағанды политехникалық институтын (1990) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша; Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін (2001) экономист мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі.
- 1982-1990 жылдары - Қарағанды политехникалық университетінің студенті.
- 1984 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
- 1990 жылдан - « өндірістік құрылысты пайдалану бірлестігінің өндірістік-технологиялық жиынтықтау басқармасының инженері, бөлім бастығы.
- 1991 жылдың мамырынан - «Ертісканалқұрылыс» тресі өндірістік-технологиялық жиынтықтау басқармасының бас инженері; 1991 жылдың қыркүйегінен - материалдық -техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы, трест басқарушысының орынбасары (Жаңаарқа ауданы Атасу кенті).
- 1992 жылдың маусымынан - «Ертісканалқұрылыс» ұжымдық кәсіпорынының өндірістік-технологиялық жиынтықтау басқармасының бастығы (Жаңаарқа ауданы Атасу кенті).
- 1992 жылдың шілдесінен - «Өндірістік-технологиялық жиынтықтау басқармасы» ұжымдық мекемесінің төрағасы (Жаңаарқа ауданы Атасу кенті).
- 1994 жылдан - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары.
- 1996 жылдан - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасары, 1997 жылдан - әкімі.
- 2007 жылдан бері - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі. «Құрмет» орденімен, 3 мерейтой медальмен марапатталған.
Дереккөздер
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер