Сицилия (итал. Sіcіlіa) — Жерорта теңізіндегі ең үлкен арал. 9 провинциядан тұратын әкімшілік облысы. Сицилия аралы Апеннин түбегінен жіңішке (енсіз жері 3,5 км) арқылы бөлінген. Аумағы 25,7 мың км2. Тұрғыны 5 млн. адам (2000). таулы-төбелі. Солтүстік жағалауын бойлай кристалды тақта тас, әк тастардан тұратын тау жоталары (Пелоритан, Неброди, Ле-Мадоние таулары) алып жатыр. Шығысында ең биік әрекетті жанартау — Этна (3340 м) орналасқан. Шығыс және батыс жағалауларын аккумулятты жазықтары алып жатыр. Жиі жер сілкінулер болып тұрады. Күкірттің, мұнайдың, газдың кен орындары бар. Климаты субтропиктік жерортатеңіздік. Қаңтардың орташа температурасырасы жағалық бөлігінде 11 — 12oС, таулы аудандарда 4 — 8oС, шілдеде жағалауда 27 — 28oС, тауда 20 — 24oС. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері жазықта 400 — 600 мм, таулы бөлігінде 1200 — 1400 мм. Жазық бөлігінде жерортатеңіздік бұталар — маквис, гариг және дала өсімдіктері өседі. Өзен аңғарлары мен жазық жерлерде субтропиктік дақылдар, жүзімдіктер, бау-бақша өсіріледі. Ірі қалалары: әкімшілік орталық және ірі порт — Палермо, Мессина, Катания.
Сицилия итал. Sicilia, | |
![]() | |
Ғарыштан көрінісі | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 25 460 км² |
Ең биік нүктесі | 3340 м |
Тұрғындар (2011 жыл) | 5 015 569 адам |
Халық тығыздығы | 196,998 адам/км² |
Орналасуы | |
37°34′00″ с. е. 14°16′00″ ш. б. / 37.56667° с. е. 14.26667° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 37°34′00″ с. е. 14°16′00″ ш. б. / 37.56667° с. е. 14.26667° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Акватория | Жерорта теңізі |
Ел | |
Аймақ | Сицилия |
![]() |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер