Суат Әуезбекұлы Әбусейітов,(4 қараша 1929, қазіргі Баянауыл ауданы, Павлодар облысы — 7 қараша 1992, Алматы) — әнші, Қазақстан халық әртісі (1981).
Суат Әуезбекұлы Әбусейітов | ||||
Туған күні | ||||
---|---|---|---|---|
Туған жері | ||||
Қайтыс болған күні | ||||
Қайтыс болған жері | ||||
Мемлекет | ||||
Мамандықтары | әнші | |||
Дауыс түрі | тенор | |||
Марапаттары | |
Алматы консерваториясын (А.М. Кургановтың класы бойынша) бітірген (1949). 1949 — 55 ж. “Қазақфильмде”, 1955 — 63 ж. Қазақ ән-би ансамблінде, 1963 жылдан Қазақ телевизиясы мен радиосының эстрадалық оркестрінде әнші болды.
Әбусейітов әншілік өнерде өз орындаушылық мәнерін танытты. Оның орындауындағы “” немесе “Жеңеше” әндері ешбір әншіге ұқсамайтын бояу-нақысымен есте қалды. Әбусейітовтің репертуарында Қазақстан композиторларының “Тербеледі тың дала”, “Алатау”, “Баянауыл”, “Ауылым”, орыс классиктері П.И. Чайковскийдің, Н.А. Римский-Корсаковтың романстары болды.
1957 ж. Мәскеуде өткен Дүние жүзі жастары мен студенттері фестивалінің лауреаты. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|