Талды (2024 жылға дейін — Лесновка) — Жетісу облысы Панфилов ауданындағы ауыл, Талды ауылдық округі орталығы.
Ауыл | |
Талды | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы | Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 44°17′25″ с. е. 79°54′07″ ш. б. / 44.29028° с. е. 79.90194° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 44°17′25″ с. е. 79°54′07″ ш. б. / 44.29028° с. е. 79.90194° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | 1947 |
Бұрынғы атаулары | Лесновка |
Уақыт белдеуі |
|
Тұрғындары | |
Тұрғыны | ▲2080 адам (2021) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды | 19 |
Талды шекарасы |
Географиялық орны
Аудан орталығы – Жаркент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 12 км-дей жерде, Кіші Өсек (Үсек) өзені жағалауында, Тоқсанбай жотасының солтүстік етегінде орналасқан.
Халқы
1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1962 | ▲2063 | ▲2080 | 100,8 | 1041 | ▲1065 | 102,3 | 1022 | ▼1015 | 99,3 |
Тарихы
Іргесі 1947 жылы ауданда орман шаруашылығын дамытуға байланысты қаланды. 1957-1997 жылдары қой өсіретін Ленин атындағы кеңшардың орталығы болды. 1997 жылдан оның негізінде Лесновкада және округке қарасты Жерұйық, Еңбекші ауылдарында ӨК және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.