Қарабауыр бұлдырық (лат. Pterocles orientalis) – бұлдырықтәрізділер отряды, бұлдырық тұқымдасына жататын құс.
Қарабауыр бұлдырық | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
(IUCN3.1) | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Pterocles orientalis (Linnaeus, 1758) |
Салмағы 300 – 400 г. Қазақстанның оңтүстік-батыс бөлігінде Қамыс-Самар көлінде, мен Зайсан қазаншұңқырында, Кіші Азия және Солтүстік Африканың шөл далаларында мекендейді. Дене тұрқы 35 см, қанатының жайғандағы өрісі 70 см, құйрығының ұзындығы 11 см. Басы, мойнының артқы жағы және кеудесі қызыл сұр түсті. Кеудесі мен бауырында қара немесе қара қоңыр түсті жолақтар анық көрінеді. Сирағындағы қауырсындары қоңыр сары түсті, тұмсығы көк түсті болады. Ұяны жеке салғанымен Қарабауыр Бұлдырықтар суатқа, жем жеуге топтасып барады. Қоразы мен мекиенін реңінен ажыратуға болады. Қарабауыр Бұлдырық – жыл құсы. Қазақстанға наурыздың ортасынан бастап ұшып келеді. Ұясы қарапайым, жерді шұңқырлайды да оған ештеңе төсемейді, кейде ұя салмай-ақ, басқа құстың ұясын пайдаланады. Сәуірдің соңы мамырдың басында ұяға 3 жұмыртқа салып, оны мекиені мен қоразы кезектесіп басады. Бір маусымда екі, кейде үш рет балапан ұшырады. Олар көбінесе шөлді аймақ өсімдіктерінің тұқымымен қоректенеді, кейде ұсақ жәндіктерді де жейді. Күзде үлкен топ құрып, қазан – қараша айларында жылы жаққа ұшып кетеді. Үндістанда, аздаған бөлігі Қызылқұмда қыстайды деп есептеледі. Қарабауыр Бұлдырықтың жылдан-жылға саны азайып келеді. Қазір олар Үстірт қорығы мен «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Дереккөздер
- BirdLife International (2008). Pterocles orientalis. In: 2008. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on 7 наурыз 2009. Database entry includes a brief justification of why this species is of least concern
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
- Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер