Керкі округі — 1924 жылдың желтоқсанынан 1930 жылдың шілдесіне дейін және 1933 жылдың ақпанынан 1939 жылдың қарашасына дейін болған Түрікмен КСР-нің әкімшілік бөлініс бірлігі. Әкімшілік орталығы — қаласы.
Керкі округі | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Кіреді | |
Әкім. орт. |
|
Тарихы мен географиясы | |
Құрылған уақыты | 1924—1930; 1933—1939 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 128,3 мың адам (1926) |
1924—1930 жылдардағы округ
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZsTDAxaGNGOXZabDlVZFhKcmJXVnVYMU5UVWw4eExqRXlMakU1TXpndWFuQm5Mekl3TUhCNExVMWhjRjl2Wmw5VWRYSnJiV1Z1WDFOVFVsOHhMakV5TGpFNU16Z3VhbkJuLmpwZw==.jpg)
1924 жылы Бұхара ХКР Түрікмен АО бұрынғы Керкі уәлаятының аумағында құрылған.
Бастапқыда 4 түменге бөлінді: Керкі, Қызылаяқ, Халаш, Қожамбаз.
1925 жылы қаңтарда түмендердің орнына 6 аудан құрылды: , Керкі, Қызылаяқ, , Халаш, Қожамбаз. Жыл аяғында Қарлұқ ауданы құрылды.
1926 жылы тамызда Келиф және Тасрабад аудандары жойылып, Шаршан ауданы құрылды.
Округ КСРО-ның көптеген округтары сияқты 1930 жылы шілдеде таратылды. Аудандары Түрікмен КСР-іне тікелей бағынуға берілді.
1926 жылғы халық санағы бойынша халық саны 128,3 мың адам болды. Соның ішінде түрікмендер – 81,5%; өзбектер – 13,9%; орыстар – 3,0%.
1933—1939 жылдардағы округ
Округ 1933 жылы ақпанда шекаралық округ (сол кезде КСРО шекарасы бойында құрылатын) ретінде қайтадан құрылды.
Құрамына 7 аудан кірді: Бұрдалық, Қарлұк, Керкі, Қызылаяқ, Халаш, Қожамбаз, Шаршан.
1939 жылы қарашада Түрікмен КСР-де облыстық бөліністердің енгізілуіне байланысты жойылды.
Әдебиет
- Кулиев О. Түрікменстанның әкімшілік-аумақтық құрылымы: (XIX ғ. басы - 1980 ж.) — Ашхабад: Ылым, 1980. — 319 б.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер