Кессон (франц. caіsson – жәшік) – 1) су астында немесе сулы жерде құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде судан қорғайтын (яғни суды жібермейтін) құралым, оның ішіндегі су сорғы арқылы айдап шығарылады. Негізінен көпір тірегін, құрылыстар салғанда, кеме табанын жөндегенде қолданылады; 2) металлургияда – ішіндегі су айналымымен немесе суды буландыру арқылы суытылатын болат темірден жасалған суытқыш қорап. Олардан шахталы, пештерінің суытылатын қабырғалары құрастырылады. пештері көмейінің газ жолдарын суыту және оларға белгілі бір пішін беру үшін де пайдаланылады. Шахталы пештің жоғары температура әсер ететін бөліктері түгелдей суытқыш қораппен жабдықталады. Сумен салқындату барысында Кессонның ішкі беті суытылған қатты өнім қабатымен қапталып, Кессонның істен шығуына мүмкіндік бермейді. Кессонның сыртқы бетінің қызу температурасы оны жабуға пайдаланылған отқа төзімді материалдың қасиетімен анықталады; 3) ұшақ қанатына әсер етуші күшті қабылдайтын қорап пішінді құралым (лонжерон).
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер