Көрсеткі – тінтуірді жайпақ бетте қозғаған кезде бейнебетте онымен қадамдаса жылжитын меңзер. Көрсеткі мәтіндік көрсеткі, тінтуір көрсеткі және нұсқаушы құрылғылар көрсеткісі, мәзір көрсеткісі деп жіктеледі. Белгіленген нысанға нұсқаудан басқа көрсеткі оның жағдай-күйін де көрсетеді, мысалы – өзара әрекеттесудің мүмкін еместігі.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTgzTHpjeEwxUmxlSFJmWTNWeWMyOXlYMkpzYVc1cmFXNW5MbWRwWmc9PS5naWY=.gif)
Мәтіндік көрсеткі жалпы алғанда, пернетақта арқылы терілген мәтіннің қай жерде орналасатындығын көрсететін нысанды білдіреді. Көрсеткі негізінен мәтіннен оны бірден тауып алу үшін жыпылықтап тұрады. Бұндай көрсеткінің ең көп таралған түрі болып қолданушының жаңашыл интерфейсіндегі тік сызық танылады. Кейбір жағдайларда көрсеткінің тікбұрышты не белгілеу символы, тіпті өзге символдық түрі де кездеседі. Мәтіндік көрсеткі сонымен қатар теру режимін, терілетін мәтін қасиетін, кішірейту/ұлғайту үшін мәтінде қарамен белгілеу шекарасын көрсетуге мүмкіндік береді.
Нұсқаушы құрылғыларының көрсеткісі тышқан, тачпад, трекбол және т.б. манипуляторлармен жұмыс кезінде жарамды. Қолданушы көрсеткі арқылы бейнебеттегі керекті нысанға сілтеме ала алады.
Дереккөздер
- Алан Купер. об интерфейсе. Основы проектирования = About Face. The Essentials of Interaction Design. — 3. — СПб: Символ-Плюс, 2009. — С. 437−441. — 688 с. — 1500 экз. — .
Сыртқы сілтемелер
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Cursor |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер