Саяқ кенді ауданы – Қарағанды облысында Балқаш қаласынан шығысқа қарай 200 км жерде, Балқаш – Саяқ – Ақтоғай темір жолының бойында орналасқан кенді өңір. Кен орны 1930 жылы ашылып, кен өндіру жұмыстары 1970 жылы басталған.
Геологиялық құрылымы
Саяқ кенді ауданы батыс, солтүстік-батыс бағытта 60 км-ге созылған, ені 40 км болатын Саяқ грабен-синклин құрылымында орналасқан. Кенді өңір тас көмірдің карбонатты-терригендік шөгінділерінен құралған, олардың ұзындығы 30 – 40 км-дей, қалыңдығы 4000 м. Кентас денелері интрузивтер мен карбонатты шөгінділер жапсарындағы әктастар есебінен түзілген скарндармен байланысады. Олар қабатты, линза, баған және күрделі пішінді келеді.
Сипаты
Саяқ кенді ауданы бір-бірінен алшақ орналасқан Саяқ І, ІІ, ІІІ, ІV, (Тастау), Молдыбай, Жамбас, Берқара, Жұмбақ, Үміт, т.б. кен орындарын біріктіреді. Кентасының сапасы жоғары. Кен орындарының негізгі өнеркәсіптік құндылығы скарндағы алтын-молибден-мыс ассоциациясымен байланысты.
Минералдары
Басты минералдары: борнит, халькопирит, буланжерит, арсенопирит, кобальтин, молибденит, т.б. Өндірістік мәні бар металдары: мыс (10 – 15%), молибден (0,01 – 1%), кобальт (0,151%), алтын (орташа 7,8 г/т), т.б. Кентас ашық кеніш арқылы өндіріледі. Ауданның кен орындары «Балқашмыс» кәсіпорнының шикізат базасы болып табылады.
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер