Стивсөз (немесе Стив Джобстың түйінсөз баяндамалары, ағылш. Stevenote) - Apple компаниясының бұрынғы бас директоры Стив Джобс жасаған түйінсөз баяндамаларына берілген ауызекі термин болып, Джобстың Apple , және секілді іс-шараларда сөйлеген түйінсөздеріне қаратылады. Осы түйінсөздерде көп санды Apple өнімдерінің алғашқы шығарылымы жұртқа таныстырылғандықтан, "Стивсөздер" Apple акцияларының бағасына айтарлықтай өзгеріс тудырды.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelUyTDFOMFpYWmxYMnB2WW5OZlRXRmpZbTl2YTE5QmFYSXVhbkJuTHpJd01IQjRMVk4wWlhabFgycHZZbk5mVFdGalltOXZhMTlCYVhJdWFuQm4uanBn.jpg)
Джобстың 2011ж, 6 Маусымда iCloud (Apple-дің бұлтты есептеу сервисі) жүйесін жариялауы оның соңғы Стивсөзі болды. Сол күні OS X Lion және iOS 5 туралы да айтылды. Бұл оның 24 тамызда бас директорлық қызметінен кеткенге дейінгі және сол жылы 5 қазанда қайтыс болғанға дейінгі соңғы көпшілік алдында шығып сөйлеуі болды.
Тарихы
1996ж-дың соңында Apple кампаниясы NeXT-ті сатып алды, Джобс 11 жылдық үзілістен кейін Apple-ге қайта оралды, ол Apple-дің құрушысы болса да, 1985ж Apple-ден кеткен болатын. (11 жыл ішінде Джобс Pixar Animation Studios-тың алғашқы нұсқасын 5 млн долларға сатып алып, әлемдік үлкен компанияға айналдырды.) 1997ж-дың ортасында түйінсөз баяндамасын жасап, компанияның мәртебесі туралы егжей-тегжейлі есеп берді, Microsoft бас директоры Билл Гейтс спутниктік бейнеде көрінді. Джобс Майкрософтпен серіктестік байланыс орнатып, бірнеше маңызды келісімдерқа қол қойғанын жариялады, оның айтуынша бұл Apple-ге пайда әкеледі, әрі аталған компанияны 1990жж басы мен ортасындағы ұзаққа созылған құлдыраудан құтқарып, қайта қалпына келуге мүмкіндік береді. Түйінсөзде екі маңызды хабарландыру жасалды: Microsoft Office (Office 98) бағдарламасының келесі шығарылымы Macintosh үшін дамытылады, ал Microsoft Internet Explorer бағдарламасы Macintosh компьютерінде әдепкі веб шолғыш болады. Аудиторияның дүрлігуіне қарамастан, Джобс серіктестіктің Apple-ге не үшін тиімді болғанын түсіндірді:
Менің ойымша, Apple мен Microsoft арасындағы бәсекелестік дәуірі әлдеқашан аяқтады. Бұл Apple-дің денсаулығын сақтауға қатысты, сондай-ақ бұл Apple-дің денсаулығы жақсарып және өркендеп, осы салаға керемет үлес қоса алатын болуына қатысты.
— Стив Джобс, MacWorld Boston 1997 – Стив Джобс оралды – Билл Гейтс экраннан көрінді, Мак Тарихы (Mac History, 6 тамыз, 1997), Christoph Dernbach
Дереккөздер
- Marshal, Katie Apple seen unloading new MacBook Pros and (possibly) iMacs at WWDC. Apple Insider (23 мамыр 2007).
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер