Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры (ХАШДҚ) (Қnternatіonal Fund for Agrocultural Development, ҚFAD) — үкіметаралық ұйым, БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі. Дүниежүз. азық-түлік конференциясының шешімімен (Рим, 1974) құрылған. ХАШДҚ-н құру туралы келісім 1977 ж. күшіне енді. Кеңес Одағы бұл келісімге қатысқан жоқ. Орналасқан жері — Рим. Мүше елдер үш санатқа бөлінген: бірінші санат — 22 ел — экон. ынтымақтас және даму ұйымының мүшелері; екінші санат — 42 ел — ОПЕК (Мұнайды сыртқа шығарушы елдер ұйымының) мүшелері; үшінші санат — 123 ел — дамушы елдер. Қордың ресми мақсаты — а. ш-н дамыту, азық-түлік өндіру көлемін ұлғайту, дамушы елдерге тамақтануды жақсарту жобаларын іске асыруға жәрдемдесу, тех. көмек көрсету. Қаржылай көмек жеңілдікті несие түрінде басымдықтар жүйесіне сәйкес: 50 жылға іс жүзінде пайызсыз беріледі, өтеу мерзімі 10 жылдан кейін басталады, 20 жылға 4% өсіммен өтеу мерзімі 5 жылдан кейін басталады; 15 — 18 жылға 8%-дық өсіммен өтеу мерзімі 3 жылдан кейін басталады. Көмек көрсету нысандары, негізінен халықтың кедейлігі табиғи ортаның азып-тозуымен ұштасып жатқан экон. қолайсыз аумақтар. Қызмет аясы: а. ш-н дамыту, мелиорация, мал ш., балық аулау, сауда, қор сақтау, өнім өңдеу, кадрлар даярлау, несие беру. Қор қаражаты мүше елдердің жарнасынан және жекелеген елдердің көмек қаржысынан құралады. 1-, 2-санаттағы мүше елдер жарнаны айырбасталымды валютамен, 3-санаттағы елдер ұлттық валютамен төлейді. АҚШ, Жапония, Германия, Иран, және басқа мемлекеттер бұл қорға айтарлықтай қаржы көмегін көрсетіп тұрады. Қор БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымымен, Халықар. жаңғыру және даму банкімен, Азия, Африка, Ислам және Америка аралық даму банкілерімен ынтымақтасады. Қор-дың есептесу өлшемі — арнаулы өзара қарыз құқығы. Қордың басқарушы органдары — басқарушылар кеңесі, атқарушы кеңес, президент, хатшылық.
Сілтемелер:
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , IX том
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер