Қарағанды мемлекеттік шахта жобалау институты – ғылыми-зерттеу мекемесі. 1941 жылдан «Қарағандыкөмір» тресі жобалау бюросының «Қарағанды шахта жобалау» конторы, 1951 жылдан қазіргі атымен аталады. Институт Қарағанды, кәсіпорындарының және Қазақ КСР-і мен Орта Азия республикаларындағы кен орындарының бас жобалаушысы болды. Жаңа көмір шахталары мен разрездердің кешенді жобаларын, жаңа кен қабаттарын аршып, әзірлеу жобаларын, көмір өнеркәсібі кәсіпорындарының тапсырысы бойынша ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарын жүргізеді; жобаланатын нысандар үшін инженер-геолог іздестірулер мен топографиялық түсірулерді іске асырады, құрылыс барысын қадағалады. институттың жобалары бойынша Қарағанды, Павлодар, Астана облыстарында шахталар, разрездер, ірі өнеркәсіп орны, кеңшарлар, машина-трактор ст-лары салынды. Институт Қазақстанның, Орта Азияның көмір кәсіпорындарын жобалау жөнінде үлкен жұмыс көлемін, оның ішінде , , Шұбаркөл кен орындарының жобаларын жасады.
Дереккөздер
- Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер