Қыздың қарасуы – Ертіс алабындағы өзен.
Қыздың қарасуы өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 85 км |
Су алабы | Ертіс |
Бастауы | Солтүстік Қазақ жазығы |
• Координаттары | 52°53′34″ с. е. 72°12′00″ ш. б. / 52.89278° с. е. 72.20000° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Сілетітеңіз |
• Координаттары | 53°11′43″ с. е. 73°08′15″ ш. б. / 53.19528° с. е. 73.13750° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 53°11′43″ с. е. 73°08′15″ ш. б. / 53.19528° с. е. 73.13750° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Ақмола облысы Біржан сал ауданы |
Географиялық орны
Ақмола облысы Біржан сал ауданы жерімен ағады.
Бастауы
Бастауын Степногорск қаласынан солтүстік-батысқа қарай 55 км, Астана қаласынан солтүстікке қарай 163 км жерден Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының шеарасына таяу жердегі Солтүстік Қазақ жазығындағы бұлақтардан алады. Еңбекшілдер аудандарының аумағымен ағып, Сілетітеңізге құяды.
Гидрологиясы
Ұзындығы 85 км. Жалпы ұзындығы 11 км болатын 3 саласы бар. Суайрығының жер бедері – төбелі қырқалы келген ұсақ шоқылық, шөгінді-денудациялық қыраттар. Аңғары айқын байқалады. Қар суымен толығады. Жазда қарасуларға бөлініп қалады. Қарашаның басында суы қатып, сәуірдің ортасында ериді.
Өсімдігі
Сортаңды қара топырақты жерлерінде далалық өсімдіктер, өзен атырабында төскейшөпті-бетегелі, жусанды-бетегелі өсімдіктер өседі. Жоғары ағысында талдар мен бұталар кездеседі. Өзен бойы жағалай жайылма. Тұздылау келген суын мал суғаруға пайдаланады.
Дереккөздер
- «Ақмола облысы» энциклопедиясы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер