Үлкен Алматы өзені (орыс. Большая Алматинка) – Қаскелең өзенінің оң саласы.
Үлкен Алматы өзені | |
---|---|
![]() Үлкен Алматы өзенінің жоғарғы ағысы | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 96 км |
Су алабының ауданы | 425 км² |
Су алабы | Қаскелең |
Өзендердің су алабы | Қапшағай бөгені → Іле |
Бастауы | Іле Алатауындағы мұздықтар |
• Биіктігі | 3000-3500 м м |
• Координаттары | 43°00′16″ с. е. 77°02′01″ ш. б. / 43.00444° с. е. 77.03361° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Қаскелең өзенінің оң жағы |
• Координаттары | 43°34′15″ с. е. 76°54′06″ ш. б. / 43.57083° с. е. 76.90167° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°34′15″ с. е. 76°54′06″ ш. б. / 43.57083° с. е. 76.90167° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Алматы облысы |
Географиялық орны
Алматы қаласы және Алматы облысы жерімен ағады.
Бастауы
Іле Алатауындағы 3000-3500 м биіктіктегі екі қуатты мұздықтан басталады.
Гидрологиясы, қоректенуі
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelV6TDBVNE5UWXlMVUZzYldGMGVTMU1ZV3RsTFZOaGVYSmhiaTVxY0djdk1UVXdjSGd0UlRnMU5qSXRRV3h0WVhSNUxVeGhhMlV0VTJGNWNtRnVMbXB3Wnc9PS5qcGc=.jpg)
Ұзындығы - 96 км. Су жиналатын ауданы - 425 км2. Биік тау бөлігінде өзен арнасы тік, шатқалды, ені 5,0 - 7,0 м, тереңдігі 0,5 - 0,6 м, төменгі ағасында ені 8 м, тереңдігі 0,5 м. Жылдық орташа су ағымы Терісбұлақ сағасында секундына 5,0 м3-ге жуық. Мұздық, көп жылдық қар, жауын-шашын суымен толығады. Сел қаупі өте күшті өзендердің бірі. 1921 және 1950 жылы жойқын сел жүрді. Сел қаупіне қарсы осы өзен арнасы басып өтетін Үлкен Алматы көліне бөгет салынған. Қала ішіндегі арнасы бетондалған, Сайран демалыс бөгені жасалған. Өзенде сел қоймасымен 40-метрлiк темiрбетонды бөгет құрастырылған. Үлкен Алматы бойында бірнеше СЭС, санаторийлер, оқушылар демалатын лагерьлер бар.
Өзеннiң негiзгi қоректенуi - жартастар, мұздықтар және мәңгi қарлардың облысы. Аршаның тоғайлары бар биiк тау шалғындары төменде көрiнiп қалады, қылқан жапырақ және жапырақты орманды белдiктер өтедi.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2YTJzdmRHaDFiV0l2TlM4MVpTOGxSRElsUVVVbFJEQWxRa0lsUkRBbFFrRWxSREFsUWpVbFJEQWxRa1JmSlVRd0pUa3dKVVF3SlVKQ0pVUXdKVUpESlVRd0pVSXdKVVF4SlRneUpVUXhKVGhDWHlWRU15VkJPU1ZFTUNWQ055VkVNQ1ZDTlNWRU1DVkNSQ1ZFTVNVNU5pNXFjR2N2TWpBd2NIZ3RKVVF5SlVGRkpVUXdKVUpDSlVRd0pVSkJKVVF3SlVJMUpVUXdKVUpFWHlWRU1DVTVNQ1ZFTUNWQ1FpVkVNQ1ZDUXlWRU1DVkNNQ1ZFTVNVNE1pVkVNU1U0UWw4bFJETWxRVGtsUkRBbFFqY2xSREFsUWpVbFJEQWxRa1FsUkRFbE9UWXVhbkJuLmpwZw==.jpg)
Салалары
Ірі салалары: Өткелді, Терісбұтақ (теңiз деңгейiнен 3200 м биiктiкте Іле Алатауының баурайынан басталады, ұзындығы -11 км, су жиналатын ауданы 32,3 км2), Қызылкүнгей, Серкебұлақ, Құмбел, Аюсай.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер