Орынбор-Торғай губерниясы — 1920-1921 жылдары болған РКФСР құрамындағы Қазақ АСКР әкімшілік-аумақтық бірлігі. Орталығы — Орынбор қаласы.
Губерния | |
Орынбор-Торғай губерниясы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Кіреді | |
Әкімшілік орталығы | |
Тарихы мен географиясы | |
Құрылған уақыты | |
Таратылған уақыты |
Тарихы
Губерния 1920 жылы 7 шілдеде Қазәскеревком мен Орынбор губатқарком бірлескен қаулысымен мен Торғай губернияларын, сондай-ақ Орал облысының Темір уезін біріктіру арқылы құрылды. Губерния
«... уақытша, Қазақ Республикасының ішкі әкімшілік бөлінісі туралы мәселе түпкілікті шешілгенше ...»
деп құрылды.
1920 жылы қарашада Қостанай уезі құрамынан шығарылып, Орынбор-Торғай губерниясына берілді.
1921 жылдың сәуіріне қарай Орынбор-Торғай губерниясы іс жүзінде Ақтөбе, Қостанай және Орынбор губернияларына бөлінді, бірақ ресми түрде өмір сүруін жалғастырды.
1921 жылы 8 желтоқсанда Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Орынбор-Торғай губерниясының бөлінуін бекітті.
Сілтеме
- Орынбор-Торғай губерниясы. bigenc.ru. Тексерілді, 15 мамыр 2018.