Жыланды (Керегетас) – Есіл алабындағы өзен.
Жыланды өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 92 км |
Су алабының ауданы | 847 км² |
Бастауы | Көкшетау қыратындағы Жыланды тауының оңтүстігі |
• Координаттары | 52°36′28″ с. е. 68°38′19″ ш. б. / 52.60778° с. е. 68.63861° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Жабай өзені |
• Орналасқан жері | Атбасар қаласының солтүстік-шығысы |
• Координаттары | 51°50′54″ с. е. 68°25′37″ ш. б. / 51.84833° с. е. 68.42694° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°50′54″ с. е. 68°25′37″ ш. б. / 51.84833° с. е. 68.42694° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | |
Аймақ | Ақмола облысы Сандықтау және Атбасар аудандары |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Географиялық орны
Ақмола облысы Сандықтау және Атбасар аудандары жерімен ағып өтеді.
Бастауы
Бастауын Көкшетау қыратындағы Жыланды тауының оңтүстігінен алып, Атбасар қаласының солтүстік-шығысындағы Жабай өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Ұзындығы 140 км, су жиналатын алабы 3650 км². Өзеннің аңғары тар. Әрқайсысының ұзындығы 50 км-ден аспайтын 9 саласы бар. Ірілері: Құттың көзі, Жекебұлақ. Жылдық орташа су ағыны Новосельское ауыл тұсында 0,68 м³/с. Өзенде аққайран, шортан, мөңке, т.б. тіршілік етеді. Өзен суы шаруашылыққа пайдаланылады.
Дереккөздер
- АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет.